19 шілде 2016 14:55

Қазақстанда пойыздар сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүретін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі © "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Қазақстан темір жолында жылдамдығы 200 шақырымдық жолаушылар локомотиві пайдаланылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан темір жолында жылдамдығы 200 шақырымдық жолаушылар локомотиві пайдаланылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүре алатын KZ4AT электровозы Киік-Мойынты жол телімінде сынақтан өткізіліпті. Жаңа үлгідегі бір секциялы көп міндетті атқара алатын локомотив қазақстан темір жолында рекордтық жылдамдықпен жүріп өтті. Alstom компаниясының локомотиві әлемнің түкпір-түкпірінде қолданыста жүр. Жаңа техника "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ техникалық және ГОСТ стандарты мен сертификаты талаптарына сәйкес келеді. Электровоздың сыртқы кескіні сұлу ғана емес, ішкі дизайны да өте жайлы әрі көрнекті. Машинист пен көмекшісінің кабинасында барлық жағдайлар жасалған. Жылуды бақылау қондырғысы, орындықты жылыту жүйесі, еденді жылыту, микротолқынды пеш, тоңазытқыш, дәретханасы да бар.


© "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Сынаққа қатысқан локомотив бригадасы жаңа электровоздың мүмкіндігін жоғары бағалады. "ҚТЖ- Жүк тасымалы" АҚ-ның "Қарағанды локомотив пайдалану депосы" филиалының машинист- нұсқаушысы Нұрлан Сейітов, 1-сыныпты машинисі Сергей Сотников және машинист көмекшісі Илья Урюмцев KZ4AT электровозын локомотив атаулының флагманы деп таныды.


© "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

"Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүрген кезде қысымның аздаған жоғарылауы байқалады.  Бұл әлі үйренбегендіктен секілді. Себебі, қазіргі жолаушылар пойыздарының ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 140 шақырымнан аспайды. Мұндай жылдамдықпен "Тұлпар-Тальго" пойызы Астана мен Алматы арасында жолаушыларды тасымалдайды. Ал, сағатына 200 шақырым жылдамдықпен қазақстандық машинистер әлі жүріп көрген жоқ. Бұл мәселеде біз алғашқылармыз!", - дейді кеудесін мақтаныш кернеген машинист пен оның көмекшісі.

"Біз Қазақстан темір жолының  тарихында сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүру сынағын сәтті өткізгенімізге қуаныштымыз. Мұндай рекордтың болашағы зор. Себебі, Қазақстанның экономикалық дамуы мен Еуропаны, Қиыр Шығыс, Азия және Ресеймен Ұлы Жібек жолы арқылы жалғауының көліктік дәлізіне жол ашатындығын көріп отырмыз", - деп атап өтті Alstom компаниясының ТМД аумағы Оңтүстік кластерінің басқарушы директоры Бернард Пелль. Қазақстанда мұндай үлгідегі локомотивтерді күзде Астанадағы "Электровоз құрастыру зауыты" кәсіпорнында құрастырыла бастайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети