24 желтоқсан 2022 10:06

Қазақстанда шетелдік нөмірі бар көліктерге техникалық байқау қашан басталады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда 2023 жылдың 2 қаңтарынан бастап шетелдік нөмірі бар көліктерге техникалық тексеруден өтуге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанда 2023 жылдың 2 қаңтарынан бастап шетелдік нөмірі бар көліктерге техникалық тексеруден өтуге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұндай түзетулер Механикалық көлік құралдары мен оларға арналған тіркемелерді міндетті техникалық байқаудан өткізуді ұйымдастыру және өткізу қағидаларына енгізілді. Жаңартылған редакцияда құжаттан тек Қазақстан аумағында тіркелген автомобильдерге ғана қолданылатыны айтылған анықтама алып тасталған.

Техникалық тексеру операторлары келесі жағдайларда ғана тексеруден бас тарта алады:

  • көлік иесінде техникалық төлқұжаттың болмауы;
  • Көлікті тексеруге әкелмеу;
  • шанақ немесе шассиі ауыстырылғаны техникалық паспортта тіркелмеген және белгіленбеген (Қазақстанда да, басқа мемлекетте де) автокөлікті тексеру стендіне әкелу;
  • мемлекеттік нөмірлері жоқ автокөлікті тексеруге әкелу.

Станция қызметкерлерінің шетелдік автокөлікті дерекқорда жоқ деген негізбен техникалық байқаудан өткізуден бас тартуға құқығы жоқ.

Сонымен қатар, фургондар сияқты кейбір жолаушылар және жүк көліктерін алты айда бір рет техникалық байқаудан өткізуді міндеттейтін тармақ ережеден алып тасталады.

Еске салайық, бұған дейін ІІМ шетелдік көліктерді заңдастыру туралы айтқан болатын. Экологиялық және Салық кодекстеріне түзетулер әзірленді. Азаматтар бастапқы тіркеу үшін шамамен 200-250 мың теңге көлемінде ғана алым төлейді. Заңдастыру кезінде утильалым төленбейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети