24 ақпан 2014 | 13:31

"Қазақстанда шығарылған" көліктердің бесжылдығы басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото auto.lafa.kz сайтынан Фото auto.lafa.kz сайтынан

Алдағы бес жылдың ішінде Қазақстанда құрастырылатын көліктердің локализациясын 50 пайызға дейін жеткізу көзделген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рауға сілтеме жасап. Оның хабарлауынша, үдемелі индустриалдық-инновациялық бағдарламасының екінші бесжылдығы (2015-2019) аясында бір жылда құрастырылатын көліктердің санын 200 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр. "Бұл нағыз өндіріс болады. "Неге?", - десеңіз, 2017 жылға қарай біз локализацияны (отандық бөлшектермен қамтамасыз ету - авт.) 50 пайызға дейін жеткізуіміз керек. Сөйтіп, біріншіден, сол жобаларды іске қосамыз. Екіншіден, қазір қолда бар өндірістің арқасында локализацияны барынша арттыратын боламыз. Сондай-ақ ірі компанияларды тарту жұмысына ерекше басымдық беріледі", - деп атап көрсетті А.Рау бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Вице-министр девальвацияның отандық автоөндіріске қаншалықты әсер ететінін де айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, теңге бағаманың өзгеруі еңбек күшінің бағасына әсер етпейді. Алайда автобөлшектердің құны қымбаттайды. Себебі бүгінде оның барлығы сырттан жеткізіледі. Дегенмен, көліктің бағасы көп өспеуі тиіс. "Мемлекет өз тарапынан көлік несиелерін субсидиялауды қарастырып отырған жоқ. Біздіңше, қазір инновациялық қолдаудың тиімділігі зор. Ондайда гранттық көмектің арқасында олар (автокомпаниялар - авт.) жаңа технологияларды тарта алады. Осыны жалғастырған жөн деп санаймыз", - дейді А.Рау.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети