18 желтоқсан 2015 17:16

Қазақстандық алғашқы электрмотоциклдің бағасы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі © ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкентте қазақстандық инженерлер құрастырған алғашқы электрмотоцикл таныстырылды. Оның сатылымға шығатын бағасы 10 мың доллар болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне KARLSKRONA LC AB инжинирингтік компаниясының бас директоры Уәлихан Ахметов айтып берді.


Шымкентте қазақстандық инженерлер құрастырған алғашқы электрмотоцикл таныстырылды. Оның сатылымға шығатын бағасы 10 мың доллар болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне KARLSKRONA LC AB инжинирингтік компаниясының бас директоры Уәлихан Ахметов айтып берді.

Ахметовтің айтуынша, қазір e-Moto электрімен қуатталатын қазақстандық мотоциклдің тұжырымдамалық үлгісі жасалған. Компания оны өндіріске келер жылы шығаруды жоспарлап отыр. Бұл мотоциклдер Шымкентте шығарылады.

"Жүзеге асқан жағдайда оның құны шамамен 10 мың доллар болады, яғни 3-3,5 миллион теңге. Қуаттауға келсек, ол қарапайым 220 вольт қуат көзімен қуаттауға болады. Қуаттау үшін арнайы орын іздеп қажет емес", - деді компанияның бас директоры. Оның айтуынша, толық қуаттауға 2-2,5 сағат уақыт кетеді. Бұл 200 шақырымға жетеді.

Мотоциклдің үлгісін қазақстандық инженер-механиктер жасап шығарған. Оны құрастыруға шамамен жарты жыл уақыт кетіпті. Мотоциклде тек электр қозғалтқышы бар, оған жанармай немесе басқа да отын түрлерін құюға болмайды.

"Сіздер көрген үлгі - қаладағы қарапайым байк. Оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 114 шақырымға дейін жетеді. Әзірше бұл біз жұмыс істеп жатқан жалғыз-ақ үлгі", - деді Ахметов. Ол басқа үлгілердің сұранысқа қарай шығарылатынын айтты.

Тест-драйвердің видеосы Motor.kz сайтында жарияланды.

"Барлығы сұранысқа байланысты, біз машина құрастырушылармыз. Алдымызға бір нақты мақсат қойсақ, оның орындалуы уақыт пен қаржыға келіп тіреледі. Яғни шешілмейтін мәселе жоқ. Ондай мәселелер философияда болады, бірақ машина құрастыруда болмайды", - деді Ахметов.

Уәлихан Ахметов жобаның жетістіктерін айта келіп, барлығының мемлекет саясатына тәуелді екенін жеткізді. Оның айтуынша, егер баламалы энергия көзімен қуатталатын көлік салықтан босатылса, оның бағасы да тиімді болады. "Онда бәрі осыны пайдаланады, егер айтылған күйде қалса, онда осы қалпында қалады", - деді компанияның бас директоры.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети