21 желтоқсан 2020 12:20

Қазақстандық автоөнеркәсіп жаңа деңгейлі автокөлік шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай автомобиль зауытында шығарылатын JAC автомобиль брендінің модельдері Қазақстан нарығында 2016 жылдан бастап ұсынылып келеді, биыл олардың екі жаңа моделі шықты.


Қостанай автомобиль зауытында шығарылатын JAC автомобиль брендінің модельдері Қазақстан нарығында 2016 жылдан бастап ұсынылып келеді, биыл олардың екі жаңа моделі шықты.

Еске салайық, 2017 жылы Volkswagen автомобиль өндірушісі JAC-пен ынтымақтастық туралы келісімшарт жасасып, бірлесіп жасалған алғашқы модель JAC J7 лифтбэгі болды. Лифбэк биыл қазанда қазақстандық нарыққа шығып, қазақстандықтардың үлкен қызығушылығын тудырды. Бұған дейін JAC Қазақстан мен Ресейдегі модельдер ауқымын айтарлықтай жаңартатыны хабарланған. Келесі жаңа модель - JAC S7 кроссовері, ол бүгінде Қазақстандағы дилерлік орталықтарға жеткізілген. Бұл 2 модель қазіргі уақытта компанияның ең заманауи модельдері саналады.

JAC S7 - бұл үлкен көлемді жол талғамайтын көлік, 5 орындығы бар, ішкі кеңістігі 7 орынға арналған автомобильдің өлшемдері - 4776 × 1900 × 1760 және доңғалақ базасы - 2750 мм.

Аэродинамика мен автокөліктің технологиялық тепе-теңдігі арқасында көлік 100 шақырымда 7,7 литр үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Автокөлікте 4 цилиндрлі 1,5T GDI қозғалтқышы орнатылған, ол тікелей бүрку және турбо-үрлеммен жабдықталған. Жоғары технологиялық және заманауи DVVT қондырғысының максимал қуаты - 128 кВт, максимал айналмасы - 251 Нм.

Қондырғы күшінің энергиясы 6 сатылы роботты қос іліністі беріліс қорабына да тәуелді. Беріліс қорабы трансмиссиясының тиімділігі 94 пайызға дейін, отын үнемдейді және жүрісі жатық.

Кроссовер мультимедиялық дисплеймен, климатты басқару блогымен, Apple және Android қондырғыларымен, үш графикалық қабықшасы бар түпнұсқа бақылау тақтасымен жабдықталған.

Volkswagen мамандары баптаған EPS электронды рулі Volkswagen көліктерінің басқару стиліне сәйкес келеді.

Жаңа кроссовердегі шасси Volkswagen мамандарымен бірге бапталды, бұл көлікті ыңғайлы жүргізу мен максимал тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Кроссоверге индуктив жүксалғыш жетегі сияқты опциялар орнатылған, ол жүксалғыштың астыңғы бөлігіне аяғыңызды тигізсеңіз іске қосылады. Сондай-ақ, 360° панорамалық HD бейне және жоғары ажыратымдылықты бейне тарататын төрт кең бұрышты камера бар, сонымен қатар, жүйеге қозғалысты тіркеу функциясы қойылған.

JAC S7 кроссоверінің корпусының 74 пайызы берік болаттан жасалған, бұл саладағы орташа деңгейден 55 пайызға жоғары. Шанақ құрылымының қаттылығы - ≥17228 N/ мм. Алдыңғы тірек, орталық тірек пен сол және оң бойлық арқалықтарда беріктігі 1500 МПа-дан асатын болат қолданылады, бұл бес жұлдызды C-NCAP, төрт жұлдызды E-NCAP талаптарына сай келеді.  

JAC модельдерінің Қазақстан нарығындағы позициялары туралы айтсақ, 2020 жылы Қазақстандағы JAC автомобильдері SUV дәрежесінде жетекші орындарда тұр, S5 және S3 модельдері өз сегменттерінде сатылымның үздік үштігіне енгенін атап өту керек, 2020 жылдың басынан бері JAC жеңіл көліктер желісінің 1816 данасы сатылған.

JAC автомобильдерінің Ресейге, Өзбекстанға, Беларуське және Қырғызстанға экспорты 2019 жылдың 11 айында және биыл шамамен 2,5 мың автомобиль болды.

Қазақстанда кроссоверлердің танымалдығы жыл сайын артып келеді. Соңғы бес жылда осы бренд автомобильдерінің сатылымы артқаны байқалады, бұл қазақстандық автокөлік жүргізушілерінің қызығушылығы мен сенімі артып келе жатқанын көрсетеді.

Қазақстанда JAC S7 бағасы 9 500 000 теңгеден басталады, ақ, қара сұр, қара және қоңыр түстегі Luxury and Prestige екі жинағында ұсынылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети