22 қазан 2015 | 12:09

Қазақстандық электромобиль үкіметтің қызметтік паркінде тесттен өткізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "АЗИЯ АВТО" © "АЗИЯ АВТО"

Қазақстандық электромобиль үкіметтің қызметтік паркінде тесттен өткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отандық автомобиль кәсіпорнында құрастырылған микровэн KIA Soul EV деп аталады.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық электромобиль үкіметтің қызметтік паркінде тесттен өткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отандық автомобиль кәсіпорнында құрастырылған микровэн KIA Soul EV деп аталады.

Электромобиль бір ай бойы Кабмина қызмет паркінде тексерістен өткізіледі. Автомобиль сыйымдылығы сағатына 27 шақырымды қамтамасыз ететін полимерлі литий-ионды батареямен жабдықталған. Қуаты 110 аттың күшіне тең Soul EV электромобилінің максималды жылдамдығы сағатына 145 шақырым болады. Жаңа автомобильдің термобақылағыштың арқасында кез келген температуралық режимде жұмыс істейтіні белгілі болды.

"Қазіргі кезде республика  жолдарында 200 электромобиль ғана бар. Дегенмен бір жыл ішінде экологиялық таза транспорт құралы Қазақстанда екі есеге өсті. KIA Soul EV электромобилін үй режимінде де қуаттауға болады", - "АЗИЯ АВТО" АҚ Ерік Сағымбаев.

Еске сала кетейік, Жапония мен Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметтік және жеке секторлары бірлескен комиссиясының отырысында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Инвестициялар және даму министрлігінің басшысы Әсет Исекешевке елде балама қуат көзі бар автокөліктерді дамыту мәселесін қарастыруды тапсырған еді. "Бүгін гибрид автокөліктер немесе тұтас электромобильдерді дамыту мүмкіндігі туралы ұсыныс айтылды, бірақ ол үшін Үкімет тарапынан кейбір жеңілдіктер мен ынталандырулар талап етіледі", - деді Мәсімов. ҚР Сыртқы істер министрлігі мұндай жобаларды жапониялық әріптестермен бірлесіп іске асыру мүмкіндігі қарастырылатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети