23 қазан 2014 10:54

Үкімет гибрид автокөліктер өндіру мүмкіндігін қарастырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©cartype.com ©cartype.com

Қазақстан Үкіметі гибрид автокөліктер мен электромобильдер өндіру мүмкіндігін қарастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министр Кәрім Мәсімовке сілтеме жасап.


Қазақстан Үкіметі гибрид автокөліктер мен электромобильдер өндіру мүмкіндігін қарастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министр Кәрім Мәсімовке сілтеме жасап.

"Бүгін гибрид автокөліктер немесе тұтас электромобильдерді дамыту мүмкіндігі туралы ұсыныс айтылды, бірақ ол үшін Үкімет тарапынан кейбір жеңілдіктер мен ынталандырулар талап етіледі. Әсет Төрентайұлы (ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев - Авт), сіз бұл мәселені мұқият қарайсыз деп ойлаймын", - деді Мәсімов Жапония мен Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметтік және жеке секторлары бірлескен комиссиясының 5-отырысында.

Бұл отырыс басталмай тұрып, Қазақстан Премьер-министрі Жапонияның мемлекеттік және іскерлік құрылымдары өкілдерімен кездесті. 

Ынтымақтастықтың келешегі туралы айтқан Кәрім Мәсімов атом өнеркәсібі, ғарыш, ауыл шаруашылығы сияқты салаларды атап өтті. Тағы бір сала - автокөлік құрастыру, Үкімет басшысының айтуынша, бұл салада қазірдің өзінде нақты қадамдар бар.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети