Қазақстандықтар ескі көліктерін әр сенбі сайын кезексіз өткізе алады - ӨКМ

30 Сәуір, 16:54
0
Қазақстандықтар ескі көліктерін әр сенбі сайын кезексіз өткізе алады - ӨКМ - © Otyrar.KZ
© Otyrar.KZ

Тозығы жеткен көлік құралдарын жоюға қабылдау бағдарламасы аясында еліміздегі қабылдау бекеттері әр сенбі сайын ашық есік күнін өткізеді. Осы күні көлік тапсырушы азаматтар өз аймағында орналасқан бекетке келіп, кезекке тұрмай-ақ көлігін тапсыра алады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ӨКМ Операторы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл әсіресе электронды кезек жүйесін күтпей, ескі техникасын бірден қабылдау бекетіне алып келуші азаматтар үшін жақсы мүмкіндік. Ал электронды жүйеде кезек алып қойғандар көлігін белгілеп қойған уақыттында тапсыра береді.

Әр сенбі сайын болатын ашық есік күні маусым айының соңына дейін жалғасады. Ең бастысы көлік құралын есептен шығарып, тиісті құжаттарын әкелсе болғаны. Сонымен қатар, мамыр айындағы мереке күндерінде де қабылдау бекеттері демалыссыз жұмыс істейді.

Бағдарлама аясында жеңіл көлік, жолаушы және жүк көліктері қабылданады. Жеңіл көліктерді ақшалай 150 мың теңгеге немесе жаңа көлік сатып алуға жеңілдік беретін 315 мың теңгенің сертификатына тапсыруға болады. Сондай-ақ жеңілдік сертификаты бағдарламасы бойынша жүк көліктері санатына байланысты 550-ден 750 мың теңгеге дейін қабылданады.

Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасының іске қосылған күннен бері Қазақстан бойынша 94 мыңнан аса автокөлік жоюға қабылданды. Көлігін жоюға тапсырған қазақстандықтарға 11 миллиард теңгеге жуық қаражат төленді.

Аймақтардан жиналған ескі көліктер Қарағанды облысындағы зауытқа жеткізіледі. Істен шыққан көлік құралдары сол жерде қайта өңделеді. Қазіргі таңда зауыт іске қосылғаннан бері 70 мыңға жуық көлікті қайта өңдеді.

Тозығы жеткен көлік құралдарын қабылдау бағдарламасының басты мақсаты отандық паркті жаңарту, автокөліктерден экологияға шығатын улы газдар көлемін азайту және де қазақстандық автоөндірісті ынталандырып, қайта өңдеу саласының инфроқұрылымын қалыптастыру басым бағыттардың бірі болып саналады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай