17 қыркүйек 2021 16:10

Көлікте баламен жүруді жеңілдететін 5 функция

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу басталғандықтан, адамдар үшін балаларды қауіпсіз тасымалдау өзекті тақырыпқа айналды. Әрбір ата-ана рөлге отырмас бұрын өзінің, баласының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Баланың қауіпсіз және ыңғайлы жетуіне көлік толық жабдықталуы қажет. Біз Chevrolet сарапшыларымен бірлесіп, балалармен  жүруді жеңілдететін бес авто мүмкіндікті бөлісеміз.


Оқу басталғандықтан, адамдар үшін балаларды қауіпсіз тасымалдау өзекті тақырыпқа айналды. Әрбір ата-ана рөлге отырмас бұрын өзінің, баласының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Баланың қауіпсіз және ыңғайлы жетуіне көлік толық жабдықталуы қажет. Біз Chevrolet сарапшыларымен бірлесіп, балалармен  жүруді жеңілдететін бес авто мүмкіндікті бөлісеміз.

 Балаларға арналған орындық қою

12 жасқа дейінгі балаларды тек артқы орындыққа бекітілген автокөлік орындықтарымен, арнайы құралдармен тасымалдау керек. Ата-ананың осы арқылы бала құлап кетпейтініне, жүргізуші алаңдамайтынына сенімі артады. Балаларды жүргізуші артындағы орынға отырғызған дұрыс, бұл - ең қауіпсіз жер. Әйел адам көлік жүргізсе, сәбиді алдыңғы орындыққа отырғызған жөн.

Автокөлікке балалар орындықтарын бірінші рет орнату бес минут уақыт алады, егер машина ISOFIX жүйесімен жабдықталған болса, 30 секундта жасалады. Барлық Chevrolet автокөлігі қарапайым жинақтан бастап ISOFIX жүйесімен жабдықталған. ISOFIX жүйесі - балалар орындықтарын бекітуге ең қауіпсіз, ыңғайлы әдіс.

Есіктер мен терезелерді құлыптау

Көлік жүргізіп келе жатқанда, бала ойнап, көлік терезесін ашу жиі болады. Баламен қауіпсіз саяхат жасау үшін барлық есік пен терезе құлыпталуы керек. Есіктер мен терезелерді бірден құлыптау қызметі арқылы жүргізуші тек екі түймені басып, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Терезелердің қашықтан ашылып-жабылуы

Қарбалас уақытта бір нәрсені ұмытуыңыз мүмкін. Баламен жүргенде, көліктен түскенде, терезелерді жабу жиі ұмтылып кетеді. Chevrolet Tracker, Chevrolet Equinox және Chevrolet Traverse көліктері сізге көмектеседі. Қашықтан басқару пультіндегі "жабу" түймесін бассаңыз, барлық терезе бірден жабылады. Ал "ашу" түймесін бассаңыз, барлық төрт терезе бір уақытта төмендейді, бұл қызмет ыстық мезгілде көлікті тез желдетуге көмектеседі.

Жүксалғыштың өздігінен ашылуы

Ата-ана бәріне үлгеруі керек - баланы қолда ұстау, иыққа зат толы сөмке ілу, тіпті жүксалғыштағы азық-түлік салынған сөмкелерді алу. Бұл жағдайда сізге заманауи көліктерде, соның ішінде Chevrolet Traverse-те кездесетін жүксалғыштың өздігінен ашылу қызметі көмектеседі. Жүксалғышты ашу үшін көліктің артқы бампері астынан аяғыңызды өткізіңіз.

Жүксалғыш ашылуын реттеу

Тағы бір ерекшелігі - баламен жүргенде, жүксалғыштың қай деңгейде ашылуын таңдауға мүмкіндік беруі. Төбесі төмен жерлерде бала ұстап, бір жағынан жүксалғыштың есігін ашу өте қиын. Chevrolet Equinox және Chevrolet Traverse автокөліктеріндегі арнайы түйме арқылы жүргізуші артқы қақпаның ¾ ғана аша алады,  қажет жағдайда керегінше, яғни стандарт деңгейде ашады.

Заманауи автокөліктердегі бұл қызмет жүргізушілерге мұқият болуға және алаңсыз көлік жүргізуге мүмкіндік береді. Сіз де, балаларыңыз да осы мүмкіндіктердің арқасында діттеген жерге қауіпсіз және ыңғайлы бара алады.


Артқы орындықтарда ұмыт қалған заттарды еске түсіру жүйесі. Chevrolet Traverse

Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети