04 қыркүйек 2019 17:58

Қырғызстан мен Армениядан келетін көліктер жайлы не білу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mgorod.kz © mgorod.kz

Қырғызстан мен Армениядан әкелінген автокөліктер шетелдік тауарлар болып есептеледі және кедендік бақылауға жатады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қырғызстан мен Армениядан әкелінген автокөліктер шетелдік тауарлар болып есептеледі және кедендік бақылауға жатады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта халық жеке пайдалануға арналған автомобильдерді әкелуге белсенді қызушылық танытып жатыр.

Көбінесе сұрақтар үшінші елдерден әкелінетін автомобильдер бойынша, сондай-ақ  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерінен - бұл Армения, Беларуссия, Ресей және Қырғыстаннан келетін автомобильдер бойынша қойылады.

Үшінші елдерден әкелінетін автомобильдер, яғни шетелдік автомобильдерді уақытша 1 жылға шетелдік тұлғалар ешқандай кедендік төлемдерді төлемей әкеле алады. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұлғалары шетелдік автомобильдерді тек кедендік төлемдерді қамтамасыз еткен жағдайда уақытша 1 жылға әкеле алады, бұл дегеніміз қаржылық кепіл болып табылады.

"Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағына 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін Қырғызстанда рәсімделген автомобильдерді және 2014 жылғы 10 қазанға дейін Арменияда рәсімделген автомобильдерді әкеле алады. Қырғызстанда 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде; Арменияда 2014 жылғы 10 қазаннан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде рәсімделген автомобильдер шетелдік тауарлар болып табылады және кедендік бақылауға жатады", - делінген хабарламада.

Көрсетілген автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына тек Қырғызстанда және Арменияда тұрақты тұратын тұлғалар уақытша әкеле алады.

Қырғызстанда және Арменияда тұрақты тұрмайтын тұлғалар көрсетілген автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына мына жағдарларда әкеле алады:

"Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты кейбір мәселелер туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешімге 2-қосымшада көрсетілген мөлшерлемелер бойынша төленуге жататын кедендік баждар, салықтар сомаларының айырмасы мөлшерінде кедендік баждарды, салықтарды төлегеннен кейін және төленген кедендік баждар, салықтардың сомалары; Армения үшін - 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін; Қырғызстан үшін - 2025 жылғы 1 қаңтардан кейін", - делінген хабарламада.

Бүгінгі күні нарықта Моңғолиядан бұрын әкілінген және кейіннен Қазақстанның ішікі істер органдарында тіркеу есебіне заңсыз қойылған автомобильдер бар екенін атап өту қажет. Осындай автокөлік құралдары шетелдік тауар  болып есептеледі және олар бойынша тиісті шаралар қабалданады.

Автомобильдерді сатып алу кезінде, азаматтарға  аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну жолымен кедендік тазартудан өткендігі және автомобильдердің заңды әкелінгенін тексеріп алуға кеңес береміз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети