11 шілде 2018 10:02

Моңғолиядан автокөлік сатып алатын қазақстандықтарға ескерту жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото asiarussia.ru сайтынан Фото asiarussia.ru сайтынан

Моңғолиядан жеткізілген мінілген көліктерді елімізде тіркеу кезінде жалған құжаттар қолданылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Моңғолиядан жеткізілген мінілген көліктерді елімізде тіркеу кезінде жалған құжаттар қолданылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарына сәйкес шет мемлекеттерден (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін) жеткізілген автокөліктерді шектеусіз пайдалануға тек кедендік декларациялаудан және кедендік баждар мен салықтарды төлеуден өткеннен кейін жол беріледі.

"Осы кеден заңнамасының талаптарына қарамастан, қазіргі тәуелсіз нарықта Моңғол Халық Республикасынан кедендік заңнамалар сақталмаған автокөліктер шығарылған. Ішкі істер органдарына тіркелу үшін құқықбұзушылар жалған кеден құжаттарын пайдаланған", - делінген хабарламада.

Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелерінің деректер базасын тексеру нәтижелері бойынша заңсыз қылмыстық жоспар құрылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде көлік құралдарын тіркеу туралы мәліметтер байқалған. Көбінесе 2001-2010 жылдары шыққан, Солтүстік Кореяда жасалған автокөліктер кеденнен өткен. 

"Қазіргі таңда контрабандалық көліктерді ұстау үшін, мемлекеттік билік органдары кедендік баж салықтарын төлеуді қамтамасыз ету бойынша шараларды қолға алып жатыр. Осыған байланысты біз азаматтарға қолданылған автокөліктерді сатып алу кезінде мұқият болуға және автокөліктің аумақтық органдарына хабарласу арқылы автомобильді кедендік ресімдеуден өткізулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети