Қазақстанда жаңа көлікке қарағанда ескіге салынатын салықтың көлемін арттыру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңа көлікке қарағанда ескіге салынатын салықтың көлемін арттыру ұсынылды © Николай Колесников

Алдағы уақытта жанармай акцизін көтеру арқылы көлік салығын алып тастау туралы бастама жаңа автокөлік иелері үшін салықтың салмағын төмендетуі мүмкін, - деп хабарлайды Колеса.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы уақытта жанармай акцизін көтеру арқылы көлік салығын алып тастау туралы бастама жаңа автокөлік иелері үшін салықтың салмағын төмендетуі мүмкін, - деп хабарлайды Колеса.kz.

Мұндай ұсыныс Алматыда өткен мемлекеттік кірістер департаментінің жанындағы жұмыс тобының отырысында айтылды. Кездесу барысында МКД қызметкерлері, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен қаланың бизнес-қауымдастықтары көлік салығына қатысты түрлі мәселені қарады. Оны алып тастауды жақтағандар да, қарсы болғандар да болды және екі тараптың да пікірі тыңдалды.

Ақыры, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне хаттама жөнелтілді, онда екі ұсыныс жазылған: Бензиннің акцизін көтеру арқылы көлік салығын алып тастау. Егер көлік салығы қалатын болса, салықты есептеу кезінде көлік қозғалтқышының көлемімен бірге оның шыққан жылын да есепке алу. Автокөлік қаншалықты жаңа болса, салықты да соншалықты азайту. Жұмыс тобының ойынша, мұндай өзгеріс Қазақстанның автопарктерін жаңартуға себепші болады, ал ол өз кезегінде елдегі экологиялық ахуалды жақсартады.

Еске сала кетейік, бұған дейін жаңа Салық кодексін жасау бойынша жұмыс тобы мүшелерінің көлік салығын алып тастау туралы ұсынысты қарауға ниет білдіргені хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети