01 наурыз 2016 11:24

Көлік салығы дегеніміз не және ол елімізде қандай өзгерістерге ұшырайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Автомобильдерге салынатын салық тақырыбын заң шығарушылар да, көлік иелері де жиі талқылайды. Таяуда Астанада ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жаңа Салық кодексін жасау бойынша жұмыс тобының мүшелері көлік салығын алып тастау туралы ұсынысты қарауға ниет білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Автомобильдерге салынатын салық тақырыбын заң шығарушылар да, көлік иелері де жиі талқылайды. Таяуда Астанада ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жаңа Салық кодексін жасау бойынша жұмыс тобының мүшелері көлік салығын алып тастау туралы ұсынысты қарауға ниет білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз қазіргі уақытта азаматтардың көлік салығын алып тастап, оны есептеуге және төлеуге ыңғайлы ету үшін акциздерге көшіру туралы ұсынысын қарап жатырмыз", - деп мәлімдеді Ерғожин жиында. ҚР БҒМ Экономика институтының бас ғылыми қызметкері Олег Егоров осы бастамаға қатысты пікір білдіре отырып, бұл мәселенің Қазақстанда Еуропа елдеріндегі заңнамалардың үлгісі бойынша бірнеше жыл бұрын қарастырылғанын атап өтті. Салықты бензин құнына қосу жүйесін ол қолдап отыр. Айтуынша, бұл мәселені шешудің әділ жолы, себебі қозғалтқыш көлемі үлкен көліктің иесі сәйкесінше бензинге де көп шығын шығарады. Алайда, маманның айтуынша, жаңа жүйені енгізуден бұрын үлкен дайындық жұмыстарын жүргізу керек. 

"Қазіргі таңда заңнама актілеріне, оның ішінде отынға қатысты қандай да бір заңнамаларға белгілі бір сенімсіздік бар. Ос іске көшу алдында дайындық керек, себебі бензинге рұқсат етілген құн күрт өсіп кетпеуі керек. Қазір бізде бензиннің бағасын реттеудің күрделі формасы бар - онда тіпті түсініксіз мәселелер айтылады. Сондықтан жаңа жүйеге көшуден бұрын, отын құнының қалыпты құрылымдалатындай қылып жасау керек", - деп мәлімдеді Егоров. 

Әзірше заң шығарушылар осы ұсынысты қарастырып жатқанда, Tengrinews.kz оқырмандарға көлік салығының не екенін және оны кімнің төлейтінін түсіндіріп беруді жөн көрді. 

Көлік құралына салынатын салықты кім төлейді?

Салықты меншік құқығында салық салу нысандары бар жеке және заңды тұлғалар төлейді. 

Қандай көлік құралдары салық салу нысаны болып табылады?

Жеңіл автомобильдер, жүк көліктері, арнайы автомобильдер, тракторлар, ауылшаруашылық машиналар және жол-құрылыс машиналар мен механизмдері, өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар және жалпы автомобиль жолымен қозғалуға арналмаған өзге де көлік құралдары. Сонымен қатар, автобустар, мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаңғылар, катерлер, буксирлер, кемелер, баржа, яхталар, ұшу аппараттары, теміржол тарту составы және басқалары.

Көлік құралдарының салығы қалай есептеледі?

Автоға салынатын салықтың сомасын салық төлеушілер салық салу нысандары мен әрбір көлік құралының салық мөлшерлемелеріне негізделе отырып, өздері есептейді. 


Инфографика © Kaspi Bank

Сонымен қатар, көлік салығын ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында есептеуге болады. Бұл үшін кестеге мына мәліметтерді енгізуіңіз керек: салық есептеу жылы; салық салынатын нысанның түрі (жеңіл немесе жүк көліктері); авто қозғалтқышының көлемі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети