26 ақпан 2014 | 15:17

Ресейде мас күйінде рөлге отырғандардың көлігін тартып алатын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото nnm.ru сайтынан алынды Фото nnm.ru сайтынан алынды

Ресейде ішіп алып көлік жүргізгендердің жүргізуші куәлігін ғана емес, автокөлігін де тәркілеп алатын болады, деп хабарлайды Autonews.ru. Тап осы заң жобасы Мемлекеттік думада енгізілуге ұсынылды. Бұл құжатқа сәйкес, екінші рет мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған жүргізушінің көлігін алып қою ұсынылды. Бұл заң жобасының авторы, депутат Сергей Ивановтың айтуынша, қолданыстағы жаза тым жеңіл және ол жол ережесін бұзушыларды тоқтата алмайды. "Ішіп алып көлікті басқарғандарды жүргізуші құқынан айыру жазасы жауапкершілікті арттырмайды. Ол жол ережесін қайта бұзуға бөгет бола алмайды. Сондықтан егер көлігін тартып алатын болсақ, жүргізушілер арасында көлікті басқаруға деген жауапкершілік артып, екінші рет жол ережесін бұзбауға тосқауыл болады", - деп түсіндірді депутат. Қазіргі таңда Ресейде мас күйінде көлік жүргізгендерге әкімшілік жаза арқылы 30-50 мың рубль аралығында айыппұл салынып, бір жарым жыл немесе үш жылға дейін көлік жүргізу құқынан айырады. "Заң жобасы бойынша осы құқық бұзушылықты қайта жасағандардың көлік құралын тәркілеп алу жазасын қосымша енгізу ұсынылып отыр", - делінген жаңа заңға байланысты жазылған түсіндірме хатта.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети