17 наурыз 2014 11:21

Ресейде өзбек автокөлігін сатып алушылар 33 пайызға азайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Рoint.autoua.net Фото Рoint.autoua.net

Ақпан айында Ресейде Өзбекстанда жасалған автокөлікті сатып алушылар 33 пайызға дейін азайды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ӨзТАГ-қа сілтеме жасап. "Ақпан айына дейін Ресейде 4536 өзбекстандық көлік сатылған. Былтыр бұл көрсеткіш 6797 көлікті құраған еді", - делінген агенттік таратқан мәліметте. 2014 жылдың алғашқы екі айында Өзбекстаннан Ресейге 8254 көлік шығарылған. 2013 жылы бұл меже 12490 көлікті құраған екен. Өзбектер шығаратын Daewoo көлігі ақпан айында жүргізілген рейтинг бойынша Ресейде сатылатын көліктер арасында 13 орынға табан тіреген. Қазір бұл Daewoo-ның көрші елдің көлік нарығындағы аясы тарылып келеді. Өзбекстанда жинақталып шығарылатын Daewoo көлігінің Ресейде екі ай ішінде 4536 данасы сатылса, өз елінде жыл басынан бері 2450-і ғана сатылған. Биыл Қазақстанда да өзбекстан көліктерін техникалық талаптарға сай келмейді деген себеппен сатуға шектеу қойылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети