1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Автокөлік

Tesla көлігін 30 секундта айдап әкеткен сәт видеоға түсіп қалған22 тамыз 2019, 13:01

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Лондонда белгісіз біреулердің Tesla көлігін айдап әкеткен сәті видеобақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға кеше, 21 тамызда болған. Daily Mail мәліметінше, мұны екі ер адам жасаған. Олардың бірі қажетті құрылғылар салынған сөмкені ұстап тұрса, екіншісі көліктің маңында тұрған. 

Видео кадрларынан екі ер адамның көлікті бірден ашып алғанын көруге болады. Осылайша, олар көлікті 10 секундта айдап әкеткен. Артынша оқиға орнынан жасырынған.


Алматыда митинг өтті