28 ақпан 2019 10:44

Тез тат түсетін автокөліктер тізімі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© HutchRock © HutchRock

DriveNN порталының мамандары Ресей нарығында сатылып жатқан автокөліктер арасында тез шіритін автомобильдер тізімін құрастырды, - деп хабарлайды Carsweek.ru.


DriveNN порталының мамандары Ресей нарығында сатылып жатқан автокөліктер арасында тез шіритін автомобильдер тізімін құрастырды, - деп хабарлайды Carsweek.ru.

Тізімге ресейлік және шетелдік көліктер де енді. Бесінші орында қытайлық көлік -  Geely Emgrand X7 автомобилі тұр. Көлік кузовы су мен ылғалдық жоғары жерлерде тез шіриді екен. Сол себепті осы көлікті алған адамдар 10 мың шақырым жүргеннен кейін-ақ, көлігінде шіріген жерлерді байқауы мүмкін. 

Төртінші орынды Renault Duster алды. Бұл көліктің ақаулары жол талғамай жүру кезінде пайда болады, яғни шанақ бөлшектерінің дәнекерленген жерлерінде бояу зардап шегеді - оның шағын қабатына байланысты ол сызылады және жарылады.

Үшінші орынды LADA Granta иеленді. "Негізінде "Грантадағы " бояу біразға шыдайды. Бірақ көлік иелері өңдеуден кейін де бояуы жарылып, шіру процесі басталатынын айтып, шағымданған", - деп жазады басылым.

Екінші орынға сарапшылар тағы бір қытайлық - Lifan X60 маркалы автокөлігін қойды. Автокөлік белгілі бір себептермен бүлінген жағдайда, оның түсін шығаратын бояғыштарды табу өте қиын екен. 

Антирейтингтің көшбасшысы - УАЗ "Патриот" жол талғамайтын көлігі болды. "Бұл көліктің кузовы шіру мәселесі, аңызға айналып кеткендей. Зауытта оны бояу кезінде заманауи құрылғылар қолданылатынын айтады. Алайда осы модельді сатып алу кезінде кез келген мәселесіне жіті қарап, алған дұрыс", - делінген мақалада. 

УАЗ компаниясы баспасөз қызметінің өкілі Роберт Есенов "мақаладағы барлық болжам, зерттеулер мен сараптамалық талдаулардың нәтижесі емес жай ғана материал авторының субъектив көзқарастарына негізделгенін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети