09 желтоқсан 2014 14:30

Әбдіжәміл Нұрпейісовті Нобель сыйлығына ұсынуға бастама көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әбдіжәміл Нұрпейісов. ©np.kz Әбдіжәміл Нұрпейісов. ©np.kz

Публицист Жандос Темірғали КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Әбдіжәміл Нұрпейісовті әдебиет бойынша Нобель сыйлығына ұсыну туралы бастама көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әбдіжәміл Нұрпейісов - қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан белгілі кеңес жазушысы, "Қан мен тер" трилогиясының авторы.


Публицист Жандос Темірғали КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Әбдіжәміл Нұрпейісовті әдебиет бойынша Нобель сыйлығына ұсыну туралы бастама көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әбдіжәміл Нұрпейісов - қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан белгілі кеңес жазушысы, "Қан мен тер" трилогиясының авторы.

"Қазақ әдебиетінің классигі Әбдіжәміл Нұрпейісовті әдебиет бойынша Нобель сыйлығына ұсыну идеясы маған қараша айының соңында келді. Бұл менің атамның үйінде жазушымен кездескеннен кейін болды. Ол атамның досы болғанымен, мен өз өмірімде Нұрпейісовпен тұңғыш рет тірілей кездестім. Онымен сөйлескеннен кейін қазақ халқы өзінің құрметті ақсақалдарының еңбегін құрметтеуі керек екенін түсіндім. Менің ойымша, Әбдіжәміл Кәрімұлы - қазір көзі тірі қазақтардың ішіндегі бұл наградаға лайық жалғыз адам", - дейді Темірғали.

Қоғам қайраткері Facebook әлеуметтік желісінде осы бастамаға арналған парақша ашты. Бес күн ішінде топқа 800-ден астам адам қосылды. "Мен Әбдіжәміл Кәрімұлы шығармашылығын бағалаушымын, әсіресе, оның Арал теңізі мен оның халқының мәселесіне арналған шығармаларын қастерлеймін. Бұл орайда мен оны адамзаттың ар-ожданын ойлайтын Әлем адамы деп есептеймін", - деді ол. 

Айта кету керек, Нобель сыйлығы номинанттарын іріктеу рәсімі бірнеше кезеңнен тұрады. Әдебиет саласы бойынша номинацияға өтініш беруге Швед әдебиет, тарих және көне мұралар Корольдік Академиясының мүшелері, әдебиет пен лингвистика профессорлары, әдебиет қоғамдастықтары басшылары құқылы. Сонымен бірге, әлем елдерінің әдеби сайттарында еңбектері жарияланған авторлар да өтініш бере алады. 

"Қазіргі уақытта бізге қозғалыстың ресми парағына қосылатын белсенді азаматтар керек-ақ. Әсіресе, әдебиет профессорлары мен оқытушылары", - дейді Темірғали.

Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысының Арал ауданында туған. 1942 жылы 18 жасында майданға аттанды. Қалмақ даласы, Украина, Балтық жағалауы майдандарында болды. Соғыстан кейін Әбдіжәміл Нұрпейісов өзінің тұңғыш автобиографиялық романы - "Курляндияны" жариялады. 1961-1970 жылдары оның "Қан мен тер" роман-трилогиясы жарық көріп, әлемнің 30-дан астам тіліне аударылды, бұл шығарма үшін ол КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 2000 жылы жазушының "Соңғы парыз" роман-дилогиясы жарыққа шықты, Аралдың экология мәселесіне арналған шығармаға 2003 жылы Шолохов сыйлығы берілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети