Астанада Қажымұқанға ескерткіш қойылатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Қажымұқанға ескерткіш қойылатын болды Иллюстрация. © Tengrinews.kz

Астанада Қажымұқан Мұңайтпасұлына ескерткіш қойылатын болды, - де хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған байланысты Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы ескерткіштің үздік эскиз-идеясына ашық республикалық байқау жариялады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Қажымұқан Мұңайтпасұлына ескерткіш қойылатын болды, - де хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған байланысты Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы ескерткіштің үздік эскиз-идеясына ашық республикалық байқау жариялады.

Астана әкімдігінің мәліметінше, байқау 31 шілдеге дейін өтеді. Оның негізгі шарттары мен техникалық көрсеткіштері туралы анықтаманы мына телефондар арқылы алуға болады: 8(7172)391-242, 391-167, немесе Астана қаласы Бөкейхан көшесі, 22 үй, 408 кабинет "Көркем - құйма комбинаты" МКК мекен-жайы бойынша.

"Елордада мүсіндер, ескерткіш тақталар мен бюсттерді қоспағанда 50-ге жуық тарихи және мәдени ескерткіш бар. Олардың көпшілігі жауынгерлердің ерлігі мен батылдығының символына айналды, кейбір монументтер қазақ халқының тарихындағы атаулы даталардың белгісі, ал кейбірі ел тарихына сүбелі үлес қосқан белгілі саяси және қоғам қайраткерлеріне арналған", - дейді әкімдіктегілер.

Айта кетейік, Қажымұқан Мұңайтпасұлы - қазақтың белгілі палуаны. Кәсіпқойлар арасында классикалық күрестен бірнеше дүркін әлем чемпионы атанған. Қажымұқан - француз күресінен әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ палуаны, елуге жуық әр түрлі сынамалы наградалар мен төсбелгінің иегері.

Еске сала кетейік, бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаттары мен "Халық коммунистері" фракциясы мүшелерінің Астанада әйгілі палуан Қажымұқанға ескерткіш қоюды ұсынғаны хабарланған болатын. Депутаттарды Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов ескерткішінің жоқтығы таңғалдырады.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети