19 қараша 2014 14:33

Астанада Қажымұқанға ескерткіш қою ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қажымұқан Мұңайтпасов. ©Tengrinews.kz иллюстрациясы Қажымұқан Мұңайтпасов. ©Tengrinews.kz иллюстрациясы

Парламент Мәжілісінің депутаттары, "Халық коммунистері" фракциясының мүшелері Астанада әйгілі палуан Қажымұқанға ескерткіш қоюды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі палатаның жалпы отырысынан.


Парламент Мәжілісінің депутаттары, "Халық коммунистері" фракциясының мүшелері Астанада әйгілі палуан Қажымұқанға ескерткіш қоюды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі палатаның жалпы отырысынан.

"Жақында шыққан "Поддубный" атты ресейлік фильм ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда дау тудырды. Мен бұл мәселеде білгір емеспін, мамандар шешеді. Біздің сауалымыз ұлы палуан әрі қазақ халқының ұлы Қажымұқан Мұңайтпасовқа ескерткіш қоюға байланысты. Батырдың жерленген жері Оңтүстік Қазақстандағы спорт сүйерлер жарады. Энтузиастар ол жақта ұлы палуанның атындағы мұражайды ашты. Қарашаның осы күндері Талапкер ауылдық округінің қауымы батырдың туған жерінде ескертіш қойды. Бұл Астананың шетінде, яғни Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылдық округында. Айтпақшы, ескерткішке қаржыны Оңтүстік Қазақстан облысының Қажымұқанды құрметтейтін азаматтар бөлді", - деп, депутат Төлеш Кенжин Үкімет басшысының атына жазылған сауалды оқыды. 

Оның айтуынша, депутаттарды Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов ескерткішінің жоқтығы таңғалдырады. "Ал Қажымұқан ұлтымыздың мақтанышы ғой. Соғыс жылдарында Қажымұқанның қаржысына ұшақ құрастырылып, майданға жіберілді. Ол - өскелең ұрпаққа үлгі. Қажымұқанға Астанада ескерткіш қойсақ әділ болар еді. Бұл әсіресе Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау алдында маңызды іс. Бұл Жеңістің 70 жылдығын тойлау қарсаңында да маңызды", - деді депутат.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети