22 шілде 2018 16:54

Денис Тенге арналған жан тебірентерлік өлеңді Олжас Сүлейменов емес, дәрігер жазған болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олжас Сүлейменов. © Tengrinews.kz мұрағатынан Олжас Сүлейменов. © Tengrinews.kz мұрағатынан

Денис Тенге арналып жазылып, әлеуметтік желіде кеңінен тараған өлеңге қатысты Олжас Сүлейменов пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денис Тенге арналып жазылып, әлеуметтік желіде кеңінен тараған өлеңге қатысты Олжас Сүлейменов пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушылары өлеңнің мәтінін жариялап, авторы қазақстандық белгілі ақын әрі жазушы Олжас Сүлейменов екенін жазған.

"Кезекті күйзелісті бастан кешіріп жатырмын. Енді Денис Теннің қазасы. Осыдан тура бір ай бұрын автомобиль жолында қайтыс болған немерем Ескендір Сүлейменов сияқты ол да 26 жасқа аяқ басқан еді. Менің "На озерах Кургальжино" өлеңіммен бірге Facebook желісіне шыққан жазба авторының сезімін мен де бөлісемін, бірақ прозалық мәтін (өте шынайы!) оны менің атыммен емес, өз атымен шығаруы керек еді. Бәріміз Денисті жақсы көрдік және Қазақстан оны ұмытпайды", - деп жазды Сүлейменов.

Өлеңді жазған Сүлейменов емес, алматылық ревматолог-дәрігер Шухрат Ялкин болып шықты. Ол Денис Тен қайтыс болған ауруханада жұмыс істеген.

Ол өлеңнің мәтінін 20 шілдеде Facebook парақшасына жариялаған, осыдан кейін өлең әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қолданушылар өлеңнің авторы Олжас Сүлейменов екенін және оны Тенге арнағанын жазған.

"Неге екенін білмеймін, көпшілік бұл өлеңді Олжас Сүлейменов жазған деп шешті. Менің ойымша, сенің өлеңіңді, тіпті қатты қателескен күннің өзінде Олжас Омарұлы сияқты ұлы әрі ардақты адамдардың мәтінімен салыстырғанда графоман жүрегінің қаншалықты жылитынын сіз де түсінесіз. Әрине, бұл - мен және оны Олжас Омарұлы ешқашан білмей-ақ та қойсын, оның дәл қазір интернетке қарайтын шамасы жоқ шығар, мен туралы айтпай-ақ та қоюға болады. (...) Ал қателік - менің қарапайымдылығым: біреудің интеллектуалдық затын (мысалы, өлеңдерді) қолданғанда (с) белгісімен белгілеп, авторды көрсетемін, ал өз мәтіндерімде белгілемеймін. Міне, осылай болды, менің мәтінім "Ялкин (с)" деп белгіленбей, "Сүлейменов (с)" өлеңдерімен бірігіп, мәтін де, өлең де О.О.Сүлейменовтікі болып шыға келді. Олжас Омарұлы менің жаңсақтығымды әзілмен қабылдайтын еді, мен оған сенімдімін", - деп жазды Ялкин Facebook парақшасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети