11 наурыз 2014 12:05

Қызылордада тарихи ескерткіштер жинағы шығарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Қызылорда облысындағы әрбір ауданның тарихи-мәдени ескерткіштер жинағын шығару жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сыр өңірінде тарихи және мәдени ескерткіштер саны басым. Алайда, олар күні бүгінге дейін бір кітапқа жиналып, тасқа басыла қойған жоқ. Соның салдарынан жергілікті тұрғындар өзге аудандар түгілі өз жеріндегі тарихи ескерткіштер туралы толық біле бермейді. Жинақтар әр жылға топтастырылып, кезең-кезеңімен жарық көрмекші. Ғалымдардың айтуынша, алғашқыда аудандардың археологиялық картасын жасау жайлы ұсыныс болған екен. Дегенмен, облыс аумағында жасалып қазба жұмыстары жайында сол картаға біріктіріп, "Сыр өңірінің этнографиясы" деген ғылыми еңбек шығару ойластырылған. Егер олай бола қалған жағдайда бұл дүниелерді заңдылық негізінде археологиялық картаға енгізу мүмкін емес. Осыған байланысты ғалымдар әрбір ауданның тарихи-мәдени ескерткіштер жинағын шығару жөнінде тоқтамға келді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети