19 қыркүйек 2014 21:21

Лондонда Қазақстан туралы кітаптың тұсаукесері өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роберт Уайттың «Жоғалған хандар және жазық дала. Қазақстанның ежелден бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихы» атты кітабы Роберт Уайттың «Жоғалған хандар және жазық дала. Қазақстанның ежелден бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихы» атты кітабы

Лондонда Қазақстан туралы кітаптың тұсау кесері өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Лондонда Қазақстан туралы кітаптың тұсау кесері өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жуырда Лондон қаласында Роберт Уайттың "Жоғалған хандар және жазық дала. Қазақстанның ежелден бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихы" деп аталатын кітабының тұсауы кесілді. Кітап авторы Алматыдағы банк секторында үш жылдан астам уақыт қызмет еткен. Сол жылдары ол уақытын Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуге арнады. Уайт еліне оралған бойда британдық аудиторияға Орталық Азиядағы ең маңызды елдің тарихы туралы баяндап беру керек деп шешті", - делінген хабарламада.

"Кітап авторы әскерилер мен империялардың, рулар мен хандықтардың пайда болуы мен жойылуы, сол замандардағы тарихи процесстер Қазақстанды көшпенділіктен отырықшы елге қалай айналдырғаны, қазіргідей мемлекеттің қалыптасуына қаншалықты ықпал еткені туралы және Қазақстан әлемнің посткоммунистік елдерінің ішіндегі жетістікке жеткен елдердің біріне қалай айналғандығы жөнінде баяндаған", - деп жазылған баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Бұл тұсау кесер британдық сарапшылар арасында қызығушылық тудырған. Олардың пікірінше, Қазақстанның мемлекеттік құрылымы сала мамандарын айтпағанда, қарапайым британдықтарды да қызықтырған.

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети