01 шілде 2016 11:21

Мәскеуде Ермек Аманшаевтың "Сын" деп аталатын кітабы басылып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ермек Аманшаев. Ермек Аманшаев.

Мәскеудің "Көркем әдебиет" баспасында "Қазақфильм" АҚ бұрынғы президенті Ермек Аманшаевтың  "Сын" деп аталатын кітабы жарыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәскеудің "Көркем әдебиет" баспасында "Қазақфильм" АҚ бұрынғы президенті Ермек Аманшаевтың  "Сын" деп аталатын кітабы жарыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кітап "Сын" хикаяты мен бірнеше эссе мен пьесадан тұрады. Бұл Ермек Аманшаевтың Ресейдің әдеби баспасында екінші рет жарыққа шығып отырған кітабы. Хикаятта жеке тұлға психологиясындағы өзгерістер, өмірге деген көзқарасты қайта қарап, адамда жаңадан сенімнің пайда болуы баяндалады. 

"Ермек Аманшаев заманауи адамның болмысын түсіндіреді. Оның бұл формуласы мені ақиқатымен таңғалдырды: қазіргі адамдардың құмарлықтан есі кеткен", - деп жазды Ресейдің әдебиеттанушысы Лев Аннинский.

Сонымен қатар, Лев Аннинскийдің осы кітапқа арналған мақаласы халықаралық "Форум" журналында жарияланды. Айта кетейік, бұған дейін Ермек Аманшаевтың "Сын" кітабы Ресейдің жастарға арналған "Юность" журналының бірнеше санында жарияланған. Енді Қазақстанда да кітаптың арнайы басылымы күтіледі.

Айта кетейік, Ермек Амашаевтың басшылығымен "Қазақфильм" киностудиясында халықаралық кинофестивальдерде көптеген жүлдеге ие болған фильмдер мен картиналар түсірілген болатын. Мысалы,  "Жаужүрек Мың Бала", "Шал", "Қызғылт қоян туралы ертегі", "Жаңа жыл кино думаны немесе Ирония любви", "Елбасы жолы", "Асланның сабақтары". Ол киностудияға 2008 жылдан бері басшылық етті. Ал 2014 жылы Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети