08 қазан 2014 17:58

Мұхтар Мағауин Орталық мұражайға бағалы жәдігерлер өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Қазақстанның халық жазушысы, тарихшы, әдебиет зерттеушісі Мұхтар Мағауин Алматы қаласындағы Орталық мұражайға бірқатар бағалы жәдігер өткізді, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымы. 


Қазақстанның халық жазушысы, тарихшы, әдебиет зерттеушісі Мұхтар Мағауин Алматы қаласындағы Орталық мұражайға бірқатар бағалы жәдігер өткізді, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымы. 

Жазушы мұражайға өткізген жәгідерлердің қатарында Желтоқсан көтерілісінен кейін алаңнан табылған шүберек пен газетке оралған темір, түрлі қамшылар, керей руының таңбасы, керей тұмақ, түйе табанынан жасалған оқшантай бар.

"Қамшы 1960 жылдары қолданыстан шыға бастады. Қазақ атқа мінуді ұмытты ғой. Енді қайтып мініп жатыр. Үлкен әкем сарыала қамшы жасайтын еді. Қамшының тобылғы сабына жез шырмауық орап жасайтын. Міне осыларды әкеліп тапсырдым. Мен өзім көп білетін адаммын, бірақ мұндай заттарды мұражай қабылдап алатынын білмеген екенмін. Сосын ойламаған дүние мұражайға экспонат болады екен. Көшеге шығып ереуілдеп жүргем жоқ, ондай батырлығым жоқ, бір апта өткен соң алаңға барып, қазақ жігіттерін ұрған таяқтарды тауып алғаным бар. Міне, солар еш жерде жоқ шығар деп ойлап, әкеліп отырмын", - дейді жазушы.  

Сонымен қатар, Мұхтар Мағауин өз шығармашылығы туралы, соңғы жылдарда жазған Шыңғыс хан жайлы үш кітабы, жалпы бүгінгі қазақтың әдебиеті мен мәдениеті жайлы ой-толғамдарын ортаға салды. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети