11 қыркүйек 2014 16:30

Назарбаевтың қызы мектеп оқулығын шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скриншот. ©24.kz Скриншот. ©24.kz

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде экология пәніне арналған жаңа мектеп оқулығы таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол Әлия Назарбаеваның "Жандану" экологиялық жобасы шеңберінде шығарылған.


Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде экология пәніне арналған жаңа мектеп оқулығы таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол Әлия Назарбаеваның "Жандану" экологиялық жобасы шеңберінде шығарылған.

Экология пәні бойынша жалпы білім беретін мектептерге арналған "Экология және тұрақты даму" аталатын оқулықтың төрт авторы бар - Әлия Назарбаева, Ғалия Сыздықова, Қазына Шайхислямова, Сайран Әбдіғалина.

"Оқулықты Білім және ғылым министрлігі Әлия Назарбаеваның "Жандану" экологиялық жобасымен бірігіп жасап шығарды", - деп түсіндірді Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев.

Әлия Назарбаеваның экологиялық жобасының білім беру департаменті жетекшісі Мұрат Исахановтың айтуынша, кез келген адам оқулыққа қатысты ұсынысы мен пікірін білдіре алады. "Біріншіден, жоба авторы Әлия Назарбаеваның атынан сәлемдесу сөзін жеткізгім келеді. Біздің жоба екі жыл бұрын қолға алынған болатын. Бұл оқулықтың төрт авторы бар, негізінде, оның тете авторлары - Қазақстанның әр аймағындағы үш мыңнан астам оқушы мен студент. Екі жыл бойы оқулық барлық облыс орталықтарында, мектептерде сынақтан өтті. Оқулықта 26 фильм түріндегі қосымша бар, оларда Қазақстан экологиясының мәселелері қоршаған орта проблемаларының шешімі әлемдік инновациялық көзқарастар тұрғысынан қарастырылады. Бұл оқулық ашық, бүгіннен бастап, оның әр параграфын жобамыздың сайтында жариялайтын боламыз. Оқушылар, ата-аналар оған өз ұсыныстарын, өзгертулері мен пікірлерін енгізе алады", - деді Исаханов.

Оқулық авторларының бірі Ғалия Сыздықова кітаптың 12-сыныпқа арналғанын айтты. "Мен Әлия Назарбаевамен, Қазына Шайхислямовамен, Сайран Әбдіғалинамен қолма-қол жұмыс істегеніме ризамын. Бұл - ұжымдық еңбек. Оқулық 12-сыныпқа арналған, қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Оған арналған әдістемелік құрал да әзірленіп жатыр", - деді Сыздықова.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети