1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Қалам мен заман

Неміс әдебиеттанушысы Абайдың 20-дан аса өлеңін өз тіліне тәржімалаған 10 тамыз 2019, 13:46

Ұлы Абайдың шығармашылығы Германияға да кең танылған. Неміс оқырмандарына дарынды аудармашы, әрі әдеби сыншы Леонард Кошут қазақ ақынының бірегей
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Ұлы Абайдың шығармашылығы Германияға да кең танылған. Неміс оқырмандарына дарынды аудармашы, әрі әдеби сыншы Леонард Кошут қазақ ақынының бірегей туындыларын тарту етті, - деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі.

Ол жүзден астам жазушы мен ақынның туындыларын неміс тіліне аударған. Олардың арасында Сергей Есенин, Михаил Лермонтов пен ұлы Абай бар. Леонард Кошут Абайдың 20-дан аса өлеңін Гёте тіліне тәржімалаған. Осы еңбегі арқасында неміс халқы қазақ әдебиетімен етене таныса алды.

"Қазақ ақыны Абайдың шығармаларын аударғанымды мақтан тұтамын. Кітапқа енген өлеңдерін тәржімалау үшін 3 жыл бойы еңбек еттім. Бұл жай аударма емес, ақынның туындыларын түсініп, жаныңмен сезінуің керек. Тарихы мен мәдениетін ұғуың қажет. Қазақ тілін білмейтінімді ескерсек, бұл маған оңай болған жоқ", - деді аудармашы, әдебиеттанушы Леонард Кошут.



Join Telegram