Елдің ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Мұның алдында біз үш қатысушының байқауға жолдаған туындысына шолу жасаған едік.
Елдің ертеңі саналатын талантты жастарды қолдау, жас қаламгерлердің шығармаларын насихаттау мақсатында Massaget.kz порталы "Отаным, саған айтамын" атты прозалық онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Мұның алдында біз үш қатысушының байқауға жолдаған туындысына шолу жасаған едік.
Бүгін назарларыңызға байқаудың кезекті қатысушысы Бақырадинов Рамазанның шығармасын ұсынамыз.
Бақырадинов Рамазан Бақытжанұлы, 2003 жылы 26 қазанда Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген. Шалқар қалалық №2 мектеп-гимназиясының 10 "ә" сыныбының оқушысы.
"Бар адамзат баласының жарық дүниеге келген сәттен бастап-ақ тағы бір анасына айналатын туған жері, туған мекені болады. Ол - Отан-Ана. Отан-Ана... Осы бір қастерлі ұғым, қасиетке толы сөзді аузыңа алған кезден-ақ сенің көңіліңдегі әлгі аталған сезім өзінің бар екенін сездіріп жатады. Оған күмән келтіру, оған сенбеу - бос әурешілік.
Ата-бабам "кіндік қаным тамған жер" деп қастерлеп, қадір тұтқан қасиетті құт мекенім, Отаным, сенің бауырыңда, бейбітшілік пен ынтымақ жайлап, "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" заман орнаған кең далаңда туған әрбір жан бақытының қандай баянды екенін білсе ғой, шіркін! Қанша зұлмат, қанша жұт, қанша қатер төнсе де сенің ғана құшағыңда ырысы мен несібесін тапқан бабамның бар арманы бүгінде мына сенің қойныңда ақиқатқа айналып отыр...
...Отаным, көңілдің көбесін сөккен кірбің мен жүректегі сан жара, көкіректі қамшыдай тіліп қарс айырған мұң мен иықтан алып тастай басқан жауапкершілік, пендені сенделтіп сергелдеңге салған сұм нәпсі қыспаққа алған сәтте бар балаңның ойлары, жан медеуі болар емі - басқа емес, бір сенсің. Барар жерсіз, басар таусыз қалмағандығына еткен шүкіршілік, өз мекенінің, өз жерінің, өз Отанының бар екендігіне деген титтей қуаныш әрқашан перзентіңнің санасынан ойып алған орнында қаққан қазықтай тұра бермек", - деп жазған Рамазан Бақырадинов өз шығармасында.
Рамазанның толық шығармасын Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Айта кетейік, қатысушылардың эсселері [email protected] поштасында 2019 жылдың 24 мамыр-20 шілде аралығында қабылданады. Отан тақырыбындағы үздік проза (эссе, әңгіме) бойынша төмендегідей жүлделер тағайындалады:
1-орын 300 000 теңге;
2-орын 150 000 теңге;
3-орын 100 000 теңге.