12 ақпан 2020 10:41

ШҚО-да жазасын өтеп жатқандар арасында сайыс өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқан сотталғандар "Абай дара, Абай дана" сайысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО бойынша ҚАЖ Депратаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Шығыс Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқан сотталғандар "Абай дара, Абай дана" сайысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО бойынша ҚАЖ Депратаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырады деп ой түйсе, қазіргі елбасының бастамасымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын Республика көлемінде атап өту бастамасы өз жалғасын табуіп жатыр. 

Ұлы Абай ғұлама,ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы,аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырған тұлға.

Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Абайды тану, адамның өзін-өзі тануы, өзін-өзі танудың бастауы үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі-кемелдіктің көрінісі. Оның мұрасы -парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі деген.

Осыған орай ШҚО ҚАЖД "ОВ 156/20 мекемесінде" Өскемен қалалық әкімдігінің №3 кешкі мектеп мұғалімдерінің қатысуымен сотталғандар арасында "Абай дара, Абай дана" тақырыбында іс-шара өткізілді.

Іс - шарада ерекше түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар Абайдың жыр - шумақ өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. Арасында Абай әндері орындалды.

Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты әрбір қазақ ұрпағының бойына қазақтың қанына біткен асыл текті қасиетті дамыту, Абайды тану арқылы Қазақстанды рухани тұрғыда жаңғырту.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети