1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

"10 миллион долларға аз алады". "Канело" қыруар ақшадан қағылды

Фото: MMABoxing.ru Фото: MMABoxing.ru

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегін 14 қыркүйек АҚШ-та өткізеді. Ал алдағы күндері қарсыласының есімі аталады. Бұл туралы Ringside24.com хабарлады.  

DAZN платформасындағы қаржылық қиындықтар "Канелоның" командасын аз гонорарға келісетін қарсылас іздеуге мәжбүр етті. Golden Boy Promotions өкілдері мексикалық Джейсон Куигли (18-1, 14 КО) немесе Туреано Джонсонмен (21-2-1, 15 КО) жұдырықтасуы ықтимал екенін мәлімдеді. Екі боксшы да GBP басшысы Оскар Де Ла Хойямен келісімшартта және Альвареске қарсы тұруға қуана келіскен. 

Өз тарапынан Альварес те гонорарын қысқартуға көнді. Осылайша, мексикалық боксшы DAZN-мен келісімшартта көрсетілген гонорардан (мексикалықтың кепілді гонорары 35 миллион доллар) он миллионға кем алады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!