01 қараша 2014 10:30

2016 жылы Головкин Альварес үшін "айтарлықтай кәрі" болуы мүмкін - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. Геннадий Головкин.

Америкалық сарапшы WBA және IBO бойынша чемпион әрі WBC версиясы бойынша уақытша чемпион Геннадий Головкин 2016 жылы мексикалық Сауль Алваресьтен жеңіліп қалатындай "айтарлықтай кәрі" болуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz. Боксшы қазір 32-де. 


Америкалық сарапшы WBA және IBO бойынша чемпион әрі WBC версиясы бойынша уақытша чемпион Геннадий Головкин 2016 жылы мексикалық Сауль Алваресьтен жеңіліп қалатындай "айтарлықтай кәрі" болуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz. Боксшы қазір 32-де. 

Америкалық Boxingnews24.com деп аталатын беделді порталдың шолушысы Дэн Эмброус (Dan Ambrose) Альвареске 2016 жылға дейін Головкинге қарсы шықпау керектігін айтып отыр. Тілші "Канело" промоутері Оскар Де Ла Хойеге өз боксшысын жеңілісінің алдын алуы керектігін айтып, кеңес берді "Сауль Геннадиймен жұдырықтасқысы келетінін айтты. "Канело" ешкімнен қорқып отырған жоқ. Ол тәуекел етіп, үздікпен рингке шыққысы келеді. Альварес - мен сияқты, Хопкинс сияқты, тәуекелге әрқашан дайын", - деді Эмброус. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин қараша айында Алматы мен Астанада жанкүйерлерімен кездеседі. Мұнымен бірге, чемпион Астана қаласында баспасөз конференциясын өткізіп, БАҚ өкілдерімен кездеседі. Сондай-ақ, ол бірнеше ресми салтанатты шараларға қатысуды жоспарлап отыр. Әлі растала қоймаған ақпаратқа сүйенсек, Головкин 22 қарашада Астанада өтетін "Ақтөбе" мен "Қайрат" арасындағы Қазақстан кубогының ақтық матчына қатысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети