17 тамыз 2016 | 21:13

AIBA Олимпиададағы даулы жекпе-жектерге қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы даулы жекпе-жектерге қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы даулы жекпе-жектерге қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойындарда өткен 239 жекпе-жекті сараптаған ұйым "кейбір шешімдер лайықты деңгейде шығарылмаған" деген тұжырымға келіпті. Қателік жасаған төрешілер мен қазылар Олимпиада ойындарының соңына дейін шеттетіледі. Алайда жекпе-жек қорытындылары өзгеріссіз қалады екен.  

Нақты қай жекпе-жектерде қателіктің кеткені айтылмайды, сонымен қатар, бұл шешімнің Василий Левит - Евгений Тищенко жекпе-жегіне қатысы бар ма, жоқ па, ол да белгісіз. 

Осыған дейін Олимпиадада қазақстандық боксшы Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконің финалдағы жекпе-жегіне қатысты халықаралық дау туған еді. Қазылар жеңісті Тищенкоға берген кезде жанкүйерлер бұл шешімге наразылық білдіріп, ысқырған болатын. Желіде жекпе-жек қорытындысын қайта қарау туралы петиция пайда болды. Ал әлемдік бокс мамандары төрешілердің әділ шешім шығарғанына күмән келтіретінін атап жатты.

Ал осыдан соң Левит - Тищенко жекпе-жегінде төрелік еткен қазылар тағы да дауға қалған еді. Бұл жолы көрермендер ресейлік Владимир Никитин мен ирландиялық Майкл Конлан арасындағы жекпе-жектің қорытынды шешіміне наразы болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети