Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

WBA Головкинді Флетчермен жекпе-жекке шығуға міндеттеді

15 Мамыр 2014, 12:46
0
Геннадий Головкин.  ©Getty Images
Геннадий Головкин. ©Getty Images

WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин австралиялық Джаррод Флетчермен жекпе-жек өткізуі керек. Кері жағдайда қазақстандық боксшы чемпиондық атағынан айырылады. Бұл туралы BoxingScene.com порталы хабарлады. 

Қазақстандық боксшыны атағын қорғауға Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) міндеттеп отыр. Енді 13 мамырдан бастап 30 күн ішінде екі боксшының өкілдері жекпе-жекті өткізу жөнінде келісімге келуі қажет. Содан кейін барып промоутерлік саудаласулар жарияланады. Ал жекпе-жектің өзі 120 күннің ішінде өткізілуге тиіс. Ондай болмаған жағдайда Геннадий Головкин чемпиондық атағынан айырылады.

Еске салайық, негізі Головкин 19 шілдеде Лос-Анджелестегі "Форум" жабық аренасында кіші Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасуы керек болған. Бірақ, мексикалық боксшы бұл кездесу үшін аз ақша төленеді деп, жекпе-жектен бас тартты.

Соңғы рет отандасымыз шаршы алаңға 2014 жылдың ақпанында шығып, Гана боксшысы Осуману Адаманы жеңген еді. Кездесу барысында қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші, алтыншы және жетінші раундта нокдаунға түсірген. Ал соңғы нокдауннан кейін төреші кездеуді уақытынан бұрын тоқтақтан болатын. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай