Абель Санчес Головкинді сынға алған ESPN маманына жауап қайтарды

05 Ақпан 2018, 11:02
0
Абель Санчес Головкинді сынға алған ESPN маманына жауап қайтарды -
Абель Санчес Головкинді сынға алған ESPN маманына жауап қайтарды - © dailystar.co.uk
© dailystar.co.uk

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бапкері Абель Санчес америкалық ESPN басылымының беделді әрі танымал маманы Тедди Атластың қазақстандық боксшы туралы айтқандарына жауап берді. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады.

Өз сұхбатында Атлас Головкинге бағаның тым асыра берілгенін және 5 мамырда өтетін екінші кездесуде Альварес Головкинді "жеңетіні сөзсіз" деп айтқан еді.

"Атластың өзіне баға тым асыра берілген. ESPN енді ғана көзін ашты, енді ғана таза көріп естиді. Өз ойыңды айта салу оңай, оның бірінші жекпе-жек алдында не айтқанын тыңдап көріңіздер. Жекпе-жек кім мықтыны анықтады, ал қоғам нәтиженің қандай болуы керектігін біледі. Ал Тедди Атлас пен Аделаида Берд сияқтылар сұранысқа ие болу үшін қолдарынан келгеннің барлығын аяп қалмасы анық", - деді Санчес Badlefthook.com порталына берген сұхбатында. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай