01 ақпан 2018 15:14

Екінші кездесуде "Канелоның" жеңетініне күмәнім жоқ - Тедди Атлас

ПОДЕЛИТЬСЯ

© The Sun © The Sun

Танымал америкалық бапкер әрі сарапшы Тедди Атлас орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) 5 мамыр күні өтетін екінші кездесуде мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (49-1-2, 34 КО) жеңе алмайды деп санайды. Бұл туралы Vesti.kz "Чемпионат" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Екінші кездесуде, менің ойымша, Альварес Головкинді жеңеді. Шынымды айтсам, тіпті күмәнім де жоқ. "Канело" Головкиннен жас. Оның үстіне бірінші кездесуден кейін Альварестің өзіне деген сенімі артты. Головкинді жұрт тым қатты мақтап кеткен сияқты", - деп жазады Атластың сөзін Boxing Ego.

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесу өткен жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша GGG өзінің барлық белбеулерін сақтап қалды.

Енді екінші кездесу 5 мамыр күні өтеді. Жекпе-жектің өтетін орны әлі белгісіз болып тұр. Айқасты қабылдауға Лас-Вегас пен Нью-Йорк қалалары үмітті. 

Головкин мен Альварестің екінші кездесуі болатын күн аталды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети