Абель Санчестің көңілі неден қалды?

01 Наурыз 2018, 09:59
0
Абель Санчестің көңілі неден қалды? - Абель Санчес. © boxingscene.com
Абель Санчес. © boxingscene.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бапкері Абель Санчес өз отандасы Сауль "Канело" Альваресті (49-1-2, 34 КО) тағы бір мәрте сынның астына алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бірінші жекпе-жекте төрешілер қандай шешім шығарғанына қарамастан, мексикалық ретінде үнемі басқа кездесулерде шабуылда жүретін боксшының 12 раунд бойы қашып жүргенінен көңілім қалды. Жекпе-жек өткізердің алдында оның сөздері тым сенімді әрі нокаутқа түсіретінін де қайталап айтқан еді. Мен "Канело" жайлы айтып отырмын. Ол Головкинді 10 раундтың ішінде-ақ нокаутқа түсіретінін айтты, бірақ іске келгенде 12 раунд бойы қашумен болды. Мұндай ұстаныммен шыққан адамды құлату, әрине, қиын", - дейді бапкер. 

Бокс маманының айтуынша бірінші жекпе-жекте "Канело" бірен саран соққылар жасаған, бірақ мұның барлығы жекпе-жектен тезірек қашу үшін істелген әрекеттер. Алайда ондай соққылармен Головкин секілді боксшыларды құлату тұрмақ, селк еткізудің өзі қиын екенін айтады. 

"Канело" діттегеніне қалайда жетті. Ол осы ұстанымымен тамаша жекпе-жек өткізді, әйтпегенде нокаутқа түсіп немесе 12 раундта аяғынан тұра алмастай болар еді. Сол үшін алдын ала көрерменді алдап керек емес. Нағыз жекпе-жек болады, нокаутқа түсіремін деп уәде берудің еш қажеті жоқ", - деп жазады BoxingScene.com Санчестің сөзін. 

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай