01 маусым 2014 11:41

Әділбек Ниязымбетов "кіші әлем чемпионатында" күміс жүлде алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділбек Ниязымбетов. Фото ҚБФ-ның сайтынан алынды Әділбек Ниязымбетов. Фото ҚБФ-ның сайтынан алынды

81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов немістің Галле қаласында өткен Chemistry Cup халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Финалда Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері,  Алматыда өткен әлем чемпионатының "қола" жүлдесінің иегері ирландық Джо Уардудан 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Атап өтейік, қазақстандық боксшылар "кіші әлем чемпионатында" бір алтын және үш күміс медаль ұтып алды. Онда Ілияс Сүлейменов (52 келі) алтын медаль ұтып алса, Теміртас Жүсіпов (49 келі) пен Берік Абдрахманов (60 келі) күміс жүлденің иегері атанды. Галледе сондай-ақ қазақстандық Алмасбек Әлібеков пен Рустам Сваев та жарыс жолына шыққан болатын. Жалпы бұл турнирде 17 елден 106 спортшы бақтарын сынады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети