Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Әділбек Ниязымбетов - Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері

19 Тамыз 2016, 00:38
1
© Ізтұрған Алдауев
© Ізтұрған Алдауев

Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов Рио-де-Жанейро Олимпиадасының финалында жеңілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын қазақстандық әлемнің үш дүркін чемпионы Хулио Сесар Ла Круспен кездесті. Бірінші раундта кубалық боксшы қашқақтап жүрген, алайда қазылардың үшеуі де басымдықты қазақстандықтың қарсыласына берді. Ал екінші раундта Ла Крус алға беттей бастады. Өкінішке қарай, екінші раундта да Ниязымбетов есе жіберіп қойды. Қорытынды раунд аса жылдам мәнерде жалғасты. Екі боксшы да барын салып, соққы алмасты. Нәтижесінде кубалық боксшы басым түсті - 0:3 (28-29, 28-29, 28-29). Осылайша, Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды.


© Ізтұрған Алдауев

Еске салайық, Ниязымбетов финалға ұлыбританиялық Джошуа Буатсиді жеңуі арқылы шыққан болатын.

Бұл Қазақстанның Рио Олимпиадасындағы 13-ші медалі және бокстағы екінші медалі. Кеше ғана 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанған еді. 

27 жастағы Әділбек Ниязымбетов Олимпиадада осымен екінші рет күміс жүлде алып отыр. Төрт жыл бұрын Лондондағы Олимпиадада финалдық кездесуде ресейлік Егор Мехонцевпен жұдырықтасып, жеңілген болатын.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай