НАУРЫЗДЫҢ ТОЙЛАНУЫ. 21 НАУРЫЗ

AIBA-ның APB жобасы қазан айында басталады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет aiba.org сайтынан Сурет aiba.org сайтынан

Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) өзінің жаңа жобасының, яғни AIBA кәсіпқой бокс (APB) сериясының биыл 24 қазанда басталатындығын мәлімдеуге қуанышты екендіктерін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) өзінің жаңа жобасының, яғни AIBA кәсіпқой бокс (APB) сериясының биыл 24 қазанда басталатындығын мәлімдеуге қуанышты екендіктерін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

AIBA атқару комитетінің, APB атқару кеңесінің, әр елдің ұлттық федерацияларының мүшелері және осы жобаның серіктестері болып табылатын БАҚ пен демеушілер біраз мәселелерді талқылай келе, жаңа жобаны 2014 жылдың 24 қазанында бастауға келісіпті.

Ең бастысы, бұл кәсіпқой бокс жобасы болса да, APB туы астында өнер көрсетуге келіскен біздің боксшылар Инчхонда өтетін жазғы Азия ойындарына қатыса алады екен.

AIBA ресми сайтының мәлімдеуінше, 24-26 қазан және 20-23 қараша күндері екі (бірінші және екінші) електік-рейтінгтік жекпе-жектер өткізілмек. Ал 18-21 желтоқсанда рейтінгтік жекпе-жектер ұйымдастыру жоспарланған. Чемпиондық атақтар 2015 жылдың 22-25 қаңтары күндері және 29 қаңтардан 1 ақпанға дейінгі аралықта сарапқа салынатын болып бекітілген.

AIBA бұл жобаға қатысты нақты және толық ақпараттарды осы рейтингтік жекпе-жектер қарсаңында жариялайтындықтарын жазған.
AIBA президенті Чинг Куо Ву жаңа жобаның тұсауын кесетіндігіне қуанышты екендігін білдірген. «APB боксты қайтадан ең қызықты спорт түріне айналдырады» деген үмітте екендігін де тілге тиек еткен. Рейтингтік ұпай есептеу жүйесінің ашық, төрешілердің әділ болатындығына да сенім білдірген.

Көреміз, енді алай боларын. Егер нағыз әлем чемпиондары әділетті түрде осы жоба арқылы анықталып жатса, нұр үстіне нұр. Әрі осы жоба шеңберінде Олимппиада ойындарының да лицензиялары сарапқа салынатын көрінеді. Қосарымыз, APB жобасындағы жекпе-жектерге 19-40 жас аралығындағы боксшылар, тіпті кейбір кәсіпқой боксшылар да қатыстырылмақ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer