Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Кристиан Оливаспен жұдырықтасып, екі титул иеленгеннен кейін өз әсерімен бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Кристиан Оливаспен жұдырықтасып, екі титул иеленгеннен кейін өз әсерімен бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Жеңістеріңіз құтты болсын. Бұл менің ғана емес, сіздердің де жеңістеріңіз. Мынау менің он раундтық алғашқы жекпе-жегім. Толығымен он раунд жұдырықтасып, жинаған тәжірибелеріміздің барлығын көрсеттік. Құдай қаласа, алдағы уақытта қазақ стилін осылай шыңдап, бұдан да үлкен жекпе-жектер өткізіп, жеңіске жетеміз", - деді Әлімханұлы.
Айта кетейік, Әлімханұлы бұл кездесуін америкалық Лос-Анджелесте Staples Center аренасындағы бокс кешінің андеркартында өткізген еді.
Әлімханұлы мен Оливас жекпе-жегі 10 раундқа созылып, қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, ол WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын иеленді.