26 сәуір 2014 14:43

Әлем чемпионатының жеңімпаздары туған елге оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ҚР бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды Сурет ҚР бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Бокстан Софияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында ерен жетістікке қол жеткізген Қазақстан құрамасы бүгін түнде туған елге оралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бокстан Софияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында ерен жетістікке қол жеткізген Қазақстан құрамасы бүгін түнде туған елге оралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жастар арасындағы әлем чемпионатында еліміздің жас таланттары екі алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Жігіттер арасындағы дүниежүзілік біріншілікте еліміздің күрзі жұдырықты таланттары төрт жүлдемен (екі алтын, екі күміс) үздік шықты. АҚШ екінші, ал Ресей үшінші орынды иеленді. Куба қабыландары мен Украина ұландары да Қазақстан қырандарына ілесе алмады.

Негізі, жастар арасында қазақтың ұл-қызының әлем чемпионы бола алмай жүргеніне бірталай жыл болған. Сонау 2002 жылы Кубада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қанат Ілиясов алтынмен апталған. Содан бері аузымызды қу шөппен сүртіп келгенбіз.

Биыл, міне, ақ түйенің қарны жарылып, екі бірдей боксшымыз жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. София көгінде Әнұранымыз қалықтап, көк байрағымыз желбіреді!

Осы ретте, жас боксшыларымыздың әлем біріншіліктеріндегі нәтижелеріне көз жүгіртіп өткеніміз артық болмас:

1994 жыл, Түркия – 5 қола медаль; 10-орын командалық есепте;
1996 жыл, Куба – 1 күміс, 1 қола; 5-орын;
1998 жыл, Аргентина – 1 алтын, 2 күміс, 3 қола; 4-орын;
2000 жыл, Венгрия – 1 алтын, 3 қола; 6-орын;
2002 жыл, Куба – 1 алтын, 2 күміс, 1 қола, 3-орын;
2004 жыл, Оңтүстік Корея – 3 қола, 12-орын;
2006 жыл, Марокко – 3 күміс, 1 қола, 7-орын;
2008 жыл, Мексика – 2 күміс, 9-орын;
2010 жыл, Әзірбайжан – мүлде жүлдесіз қалғанбыз.

Былтыр Ереванда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында да көңілге қонымды нәтижеге қол жеткізе алмағанбыз. Дәулет Байғабатов 75 келі салмақта үшінші орынға ие болып, бір қоланы қанағат қылғанбыз.

Содан ҚР бокс федерациясының президенті Т.Құлыбаев неліктен жастар арасындағы көрсеткіштеріміздің төмендеп кеткенін саралауды және қорытынды шығаруды тапсырған болатын.

Біздің мамандар төменнен бастады. Өткен жылы қыркүйекте, Киевте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына ерекше мән беріп, жас өрендеріміз 2 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. Әрі жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды.

Осыдан кейін жастар арасындағы құраманы дайындауға көңіл бөлінді. Ұлттық құраманың резерві болып табылатын құрамаға тәжірибесі мол Ғалымбек Кенжебеков жауапты болып бекітілді. Білікті маман өз шәкірттерімен әуелі құрлық біріншілігінде көзге түсті. Субик-Бейде (Филиппин) өткен Азия чемпионатында жас боксшыларымыз 4 алтын, 1 күміс медаль еншілеп, командалық есепте топ жарды.

Сол кезде Ғалымбек Қалиұлы біздің боксшылардың техникалық шеберліктері жоғары екендігін, бірақ дүнижүзілік рингтегі жұдырықтасу өнерінің жабық боксқа айналып, қорғанысқа көп көңіл бөлетіндігін, сол себепті шеберлігі мол боксшылардың өз қабілеттерін толық жүзеге асыра ламй жүргендіктерін нақтылап берген болатын.

Әрі Қазақстан боксшылары оның да қисынын тауып, жағдайды өзгертетіндігін тілге тиек еткен. Міне, жағдай өзгерді. Жастар арасында да Қазақстан боксшылары үздік шығып, көш бастап отыр.

AIBA-ның ресми сайты тіпті "Алматы да өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында қазақ боксшылары үстемдік құрып, теңдессіз танылған, енді міне жастар арасында да топ жарып отыр" деп, бөле-жара атап өтті.

Жеңісіміз ұзағынан, баянды болғай!

Жастар арасындағы әлем чемпионаты. 2014 жыл, София (Болгария)

Алтын – Шалқар Айқынбай (49 келі), Абылайхан Жүсіпов (60 келі);
Күміс – Сұлтан Зауырбек (56 келі), Вадим Казаков (81 келі);
Қола – Алуа Балқыбекова (51 келі).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети