04 қыркүйек 2019 10:00

Әлем чемпионы атағын қорғау үшін барымды саламын - Қайрат Ерәлиев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы 9 қыркүйекте Екатеринбург қаласында басталатын әлем біріншілігіне дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр. Ресей жерінде ел намысын қорғайтын спортшылар қатарында 2017 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алған Қайрат Ерәлиев те бар. Ұлттық Олимпада комтетінің баспасөз қызметіне сұхбат берген спортшы чемпиондық атақты қорғау үшін аянып қалмайтынын айтады.

"Әрине, әлем чемпионы атағын иеленуден бөлек, оны қорғап қалу қиынырақ. Сол себепті, екі есе артық еңбектеніп, дайындық қарқынын күшейттік. Көрші елдің шаршы алаңында жеңіске жетіп, жанкүйерлерді қуантсам деген тілегім бар. Жаттығу жиыны жоғары деңгейде өтті. Бапкерлер де ақылын аямады. Енді бәрі өзімізге байланысты", - дейді Қайрат.

Қайрат Ерәлиев сынға түсетін 56 келі салмақ дәрежесі бүгінде жарыс бағдарламасынан алынып қалды. Ол енді 57 келіде бақ сынайды.

"Өзімнің бұрынғы салмағымдағы қарсыластарымды жақсы танимын. Олардың барлығы да 57 келіге ауысқанына күмәнім жоқ. Ал 60 келіден ауысатын жігіттер болса, оларға да дайынмын. Өйткені, көптеген боксшыларды танып қалғанмын. Менің ең басты мақсатым - жақсы нәтиже көрсету", - дейді Қайрат Ерәлиев.

Еске сала кетейік, Қайрат Ерәлиев 2017 жылы Гамбургте өткен әлем біріншілігінде топ жарған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети