11 желтоқсан 2021 12:08

Әли Ахмедов АҚШ-та мексикалық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©instagram.com/ali_akhmedov_officialpage ©instagram.com/ali_akhmedov_officialpage

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кезекті жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 


Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кезекті жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Ол Монтебеллода (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешінде мексикалық Пол Валенсуэлаға қарсы жекпе-жекке шықты.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын, бірақ біріншісінде аяқталды. Бірнеше соққыдан кейін Ахмедов қарсыласын нокаутпен түсірді. 

Қазақстандықтың бұл 18-ші жеңісі, оның 14-ін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал Валенсуэла 11-рет жеңілді, десе де оның қанжығасында 26 жеңіс бар.

Еске салайық, Ахмедовпен IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясы айналысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети