14 қараша 2016 | 23:16

Алматыда бокс кешін ұйымдастырушы ақша үнемдегісі келіп, қазақстандықтардың басын қатырып кеткен - ҚР Кәсіпқой бокс федерациясы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tengrinews.kz © tengrinews.kz

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Алматыда өткен Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы жекпе-жекке байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Алматыда өткен Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы жекпе-жекке байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Алматыда Ислам мен Аллотей арасында өткен жекпе-жек аясында тарап жатқан қауесеттерге байланысты түсініктеме берейін. Бірден айтайын, Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы өз миссиясын толығымен 100 пайызға атқарып шықты. Айта кетейін, 1992 жылдан бері Федерация Қазақстан аумағында және әлемдік бокс ұйымдары мүшелерімен бірлесе отырып бірден-бір рұқсат беруші, бақылаушы әрі нұсқаушы орган.

2016 жылы 29 қазанда осы жекпе-жекті ұйымдастырушы "Нельсон Промоушен" компаниясы Федерацияны боксшылар қолданған қолғаптардың сапасыздығын яғни жарамайтынын айтып, жала жапқан болатын. Кәсіпқой бокста жекпе-жекті ұйымдастырушы промоутер барлық боксшыға қолғаптарды тауып беруі тиіс, сонымен қатар қолдары жарақат алмауы үшін титул үшін таласатын боксшыларға сапалы қолғаптарын беруі тиіс.

Өзін Қанат Исламның менеджері деп таныстырған Нұрғазы Исмағамбетов те Федерацияны жекпе-жек өткізілгеннен кейін кездесу қорытындысы BoxRec-те жарияланбағанын айтып, сол себепті WBA Қанат Исламның WBA-Fedelatin титулы үшін жұдырықтасқанын мойындамаған деп кінә таққан болатын. Бұл жерде айта кету керек, барлық кездесудің қорытындысы BoxRec-ке жіберілген, сол кеште-ақ бірден кеш қорытындылары мен Қанат Ислам шыққан WBA-Fedelatin ваканттық титул үшін деп жекпе-жекте жарияланған. Алайда бірнеше күн өткеннен кейін, 3 қарашада WBA Қанат Исламның жекпе-жегі ешқандай WBA аймақтық титулдар үшін, соның ішінде Fedelatin үшінде кірмегені жарияланып, титулды BoxRec-тен алып тастады.

Бұл жерде мынаны айта кету керек, Қанат Ислам бұл кездесуде WBA-Fedelatin белбеуін қорғайды деген, алайда "Нельсон Промоушен" WBA-Fedelatin берген санкцияны дұрыс түсінбеген секілді, себебі WBA Қанат Исламға атағын сәуірге дейін қорғау керек деп міндет қойған. Бірақ Қанат Ислам алты айда белбеуін қорғамағандықтан бұл атақтан айырылған. Бұл ретте Қанаттың командасы WBA-Fedelatin федерациясына ваканттық титул үшін жұдырықтасатынын айтып, ұсыныс тастап, рұқсат алуы тиіс болған. 

 

"Нельсон Промоушен" Қанат Ислам WBA-Fedelatin белбеуін қорғайды деп мәлімдеме жасаған уақытта, көрермендер мен федерацияны алдаған, себебі Қанатта сол уақытта бұл титул болмаған. Мүмкін "Нельсон Промоушен" ақша үнемдегісі келіп, WBA-Fedelatin санкциясы үшін ақша төлемеген, ал WBA BoxRec-те жарияланған ақпаратты көріп, өз наразылықтарын білдіріп, бұл титулды сайт бетінен алып тастаған болуы мүмкін. 

Кіші Нельсон мен де үлкен Нельсонмен де қолғаптар мәселесін сөз еткенімде олар барлығын қатыратынын айтты. Меніңше олар Қазақстанды дамымай қалған шет аймақ деп санауы, сондықтан да не жасасақ та өтіп кетеді деп ойлаған. Еске салайын, Қанаттың осы жекпе-жегіне IBO титулы да қатыстырылуы тиіс болған және IBO федерациясы өздерінің қуана қатысатынын мәлімдеген. Алайда жекпе-жекке үш күн қалған уақытта,  IBO бұл кездесуге қатыспайтындарын жазды. Соған қарағанда "Нельсон Промоушен" бұл жерде де ақша үнемдеп, қазақстандықтардың басын қатырған болуы мүмкін. 

Мен құрметті әлеуметтен боксты ұйымдастырушы команданың Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясына жалған жала жауып отырғанын ашық түсіндірдім деп есептеймін. Қазіргі уақытта біз титул үшін жекпе-жектің бұлай болғанын анықтау үшін WBA-Fedelatin федерациясына ресми сауал жолдадық, - деді қазақстандық белгілі маман. 

Еске салайық, 32 жастағы Қанат Ислам Алматы қаласында өткен кәсіпқой бокста қарсыласы ганалық Патрик Аллотейді жеңген болатын. Жекпе-жек титул үшін ұйымдастырылған болатын, алайда кездесуге қойылған белбеулерге қатысты дау-дамай туындады. Соның ішінде WBA федерациясы ешқандай да белбеуін бұл жекпе-жекке тікпегенін айтқан. Сонымен қатар, Ислам осы жекпе-жекте қолдарын жарақаттап алды деп жарияланған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети