02 қараша 2016 23:33

Патрик Аллотеймен кездесуден кейінгі Қанат Исламның жұдырығының суреті жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам. © vk.com/kanatislamcom Қанат Ислам. © vk.com/kanatislamcom

Vesti.kz спорт сайты қазақстандық боксшы Қанат Исламның ганалық Патрик Аллотеймен жекпе-жектен кейінгі қолының суреттерін жариялады. Бұл жекпе-жекте боксшылар WBA Fedelatin және WBO Interсontinental титулдарына таласқан болатын.


Vesti.kz спорт сайты қазақстандық боксшы Қанат Исламның ганалық Патрик Аллотеймен жекпе-жектен кейінгі қолының суреттерін жариялады. Бұл жекпе-жекте боксшылар WBA Fedelatin және WBO Interсontinental титулдарына таласқан болатын.

Алматыда 29 қазанда өткен кездесу 12 раундқа созылып, оның қорытындысында төрешілер жеңісті бір ауыздан қазақстандыққа берген еді.

Бұған дейін Қанат Исламның екінші және үшінші раундтарда екі қолын да жарақаттап алғаны белгілі болған. Кейін оның командасының өкілі спортшының жағдайы жақсы екенін мәлімдеді. Бұл туралы боксшының өзі де айтты. Жекпе-жек аяқталғанда боксшы кездесудің көп бөлігін жарақат алған күйі өткізгенін, сондықтан қарсыласын нокаутқа түсіре алмағанын мәлімдеген.

Қанат Ислам осылайша 22 жекпе-жегінде 22-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Оның 18-і нокаутпен аяқталған. Ал Аллотей кәсіпқой рингте үшінші жеңілісіне ұшырады. Ганалықтың қоржынында 34 жеңіс бар, оның 28-ін нокаутпен аяқтаған. Жекпе-жектің видеосын мына жерден көре аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети