30 қазан 2016 10:31

Қанат Ислам - Патрик Аллотей кездесуінің толық видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам. © Vesti.kz Қанат Ислам. © Vesti.kz

Қанат Ислам - Патрик Аллотей кездесуінің толық видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қанат Ислам - Патрик Аллотей кездесуінің толық видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске салайық, Қазақстандық боксшы WBA Fedelatin белбеуінің иегері Қанат Ислам кәсіпқой бокста ганалық қарсыласы Патрик Аллотейді ұпай санымен жеңіске жеткен еді. Кездесудің төрешілері 117-112, 116- 112, 116-112 есебімен жеңісті қазақстандықтың пайдасына шешті.  

Бұл Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы 22-ші кездесуі. Отандасымыз кездесулердің барлығында да жеңіске жеткен. Тіпті оның 18 жекпе-жегін ол уақытынан бұрын аяқтаған. Қанат Ислам алдыңғы кездесуінде жеңіске жетіп, WBA Fedelatin нұсқасы бойынша Америка аймағы чемпионы атағын қорғап қалған. Бұл - оның кәсіпқой рингте қол жеткізген алғашқы және әзірше жалғыз белбеуі. Патрик Аллотей де тәжірибелі боксшы. Осыған дейін кәсіпқой шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізген. Оның 34-де қарсыластарынан басым түскен. Оның 24-де қарсыластарын нокаутпен ұтса, 2 жекпе-жегінде ғана қарсыластарына есе жіберген. Жекпе-жектерінің барлығын дерлік Ганада өткізген. Үш кездесуі ғана өзге елде өткен. Кәсіпқой бокста "Улы жебе" деген лақап атқа ие. Салмақ өлшеу рәсімінде екі боксшының да салмағы 68 келіні көрсетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети