Америкалық промоутер Нельсон Лопес The Ring басылымына берген сұхбатында қазақстандық боксшымен қалай жұмыс істеп жатқанын айтып берді.
Америкалық промоутер Нельсон Лопес The Ring басылымына берген сұхбатында қазақстандық боксшымен қалай жұмыс істеп жатқанын айтып берді.
2013 жылғы әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы ертең Алматыда кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы 2010 жылы Астанада өткен кездесуде Головкиннен жеңілген колумбиялық Милтон Нуньес.
Сондай-ақ, кештің басты кездесуі Қанат Исламның жекпе-жегі болмақ.
"Жәнібекте кәсіпқой бокста ең мықты атану үшін барлық мүмкіндігі бар, - дейді промоутер Лопес. Жәнібектің артықшылығы оның жылдамдығында, күшінде және жасаған қимылдарында. Ол - солақай. Уақыт өте келе ол нағыз кәсіпқой боксшыға айналады", - деді боксшының промоутері.
Америкалық промоутердің айтуынша, Жәнібек әлі жас, болашағы бар. Ол рейтингте жоғарылаған соң, өзінің салмағында сұмдық боксшы атанады.
"Оған бокстағы әрбір қимылын мұқият ойластыру қажет. Мен рингте өзін-өзі бақылау, қорғау және шабуыл жасау жайлы айтып отырмын. Біз Жәнібекке зор үміт артамыз, бірақ тек оның қарсыласы Милтон Нуньес жайлы ұмытпайық", - деді промоутер Нельсон Лопес.
Еске салайық, осыған дейін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы The Ring басылымына берген сұхбатында кәсіпқой бокстағы дебютіне байланысты ойын айтқан болатын. "Мен өзімнің дебютім өз жерімде өтетініне қуаныштымын. Менің қарсыласым - тәжірибелі жігіт, ол біраз боксшымен кездескен. Жаттығу барысында мен жақсылап дайындаламын. Бұл кездесу маған болашағым үшін үлкен тәжірибе болады", - деді Әлімханұлы.