28 қазан 2016 11:38

Мен Головкинды мақтан тұтамын, бірақ одан асып түсемін - Жәнібек Әлімханұлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ringtv.com © ringtv.com

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы The Ring басылымына берген сұхбатында кәсіпқой бокстағы дебютіне байланысты ойын айтты. 


Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы The Ring басылымына берген сұхбатында кәсіпқой бокстағы дебютіне байланысты ойын айтты. 

Әуесқойлар арасында 2013 жылғы әлем чемпионы кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуінде колумбиялық Милтон Нуньеспен (33-16-1, 29 КО) жұдырықтасады, ол 2010 жылы Геннадий Головкиннен жеңіліп қалған болатын. 

Әлімханұлы - Нуньес жекпе-жегі ертең Алматыда, 29 қазанда өтеді. Бокс кешінің басты кездесуі Қанат Ислам мен ганалық Патрик Алотей арасында болмақ.

"Мен өзімнің дебютім өз жерімде өтетініне қуаныштымын. Менің қарсыласым - тәжірибелі жігіт, ол біраз боксшымен кездескен. Жаттығу барысында мен жақсылап дайындаламын. Бұл кездесу маған болашағым үшін үлкен тәжірибе болады", - деді Әлімханұлы. 

Ол өзін Геннадий Головкинмен салыстырмауын өтінді. Әлімханұлының айтуынша, ол атақты боксшыны мақтан тұтады, бірақ одан асып түспек ойы бар екен. 

"Ол маған қатты әсер берген жоқ. Әр боксшының өз мәнері бар. Әр боксының ерекшелігі бар. Мен одан асып түсе аламын. Мен Головкин жайлы ойламаймын. Бокста оның өз жолы бар, менің өз жолым бар. Ол менің жерлесім болғанына өзімді бақытты сезінемін", - деп мәлімдеді Әлімханұлы. 

Айта кетейік, Әлімханұлы кәсіпқой боксқа өту туралы нақты шешімге келген жоқ. Нуньеспен болатын жекпе-жектен кейін, ол әуесқойлар арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысады, алайда ол енді 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне дейін өнер көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети