28 қыркүйек 2019 11:44

Альварес неліктен Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуден бас тартқанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес тағы бір мәрте Геннадий Головкинмен үшінші кездесу өткізгісі келмейтінін жеткізді. Мексикалықтың айтуынша, қазақстандық боксшы оған қызығатындай ештеңе ұсына алмайды екен, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен Головкинмен үшінші кездесуден бас тартамын, себебі ол маған ештеңе ұсына алмайды. Мен оны екі рет соққының астына алдым. Біріншісінде де, екіншісінде де жеңдім деп ойлаймын. Ол маған ештеңе ұсына алмайды, мен үшін үшінші кездесудің не қажеті бар. Ол IBF тұжырымы бойынша чемпион атанған күннің өзінде ол маған қызық емес", - деді "Канело". 

Айта кетейік, Головкин мен Альварес осыған дейін екі рет шаршы алаңда жұдырықтасты. Олардың бірінші кездесуі 2017 жылы қыркүйекте тең аяқталды, ал бір жылдан соң төрешілер жеңісі мексикалыққа берген еді. 

Головкин 5 қазанда Нью-Йоркте шаршы алаңға қайтып оралады. Ол украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасып, орта салмақта IBF және IBO белбеулеріне таласатын болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети