30 мамыр 2018 | 14:37

Альвареспен екінші кездесу өтпейтін болса, GGG басқа қарсыласпен шығады - WBC президенті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жекті өткізу туралы келісе алмаған жағдайда басқа қарсылас тағайындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жекті өткізу туралы келісе алмаған жағдайда басқа қарсылас тағайындады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қос боксшының өкілдері келіссөздер жүргізді, алайда Головкиннің командасы алдыңғы жекпе-жекке қарағанда бұл жолы өзіне көбірек төленгенін талап етуіне байланысты келіссөздер тығырыққа тірелді. Мексикалық боксшының командасы бұған келіспеді. 

Сулейманның айтуынша, Головкин Альвареспен келісе алмаса, онда қазақстандық боксшы WBC ұйымының талабы бойынша міндетті үміткер Джермалла Чарломен (27-0, 21 КО) кездесуі тиіс. Соған қарамастан WBC президенті Головкинге Альвареспен келісуіне кеңес берді. 

"Біз Головкинді толықтай қолдаймыз. Егер "Канеломен" өтетін екінші жекпе-жек болмайиын болса, онда GGG Чарломен жұдырықтасуы тиіс. Өзіне жақсы нұсқаны таңдағанын қалаймыз. Ол екінші жекпе-жектің болғанын қалап отыр, ақша табады және халықтың қошеметіне бөленеді. Ол осы деңгейге көтерілу үшін ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Екеуі жұдырықтаспай қалса мен таңғалр едім", - деді Сулейман ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында. 

Еске салайық, 17 және 20 ақпан күндері Альварестің Мексикада тапсырған допинг-сынамасынан кленбутерол дәрумені табылды. Мексикалық боксшының командасы бұл дәруменнің бұзылған ет арқылы түскенін айтып ақталуда.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді. Бірақ бұл нәтижеге көптеген бокс жанкүйерлері мен мамандары қарсы болған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети